Бүгін қала әкімдігінде «Заң мен тәртіп» қағидасын қоғамда кеңінен насихаттау және оның негізгі бағыттарын түсіндіру мақсатында әдістемелік семинар өткізілді.
Семинарды қала әкімінің орынбасары А.Нұрмағанбетов жүргізіп, қалалық прокуратураның бөлім прокуроры А.Оразалиева, құқық қорғау саласының ардагері, облыстық мәслихат депутаты Ә.Шаймағамбетов, қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Ө.Шалбол «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту, патриоттық тәрбие беру, қауіпсіз орта қалыптастырудағы жергілікті атқарушы органдармен атқарылатын жұмыстар туралы баяндамалар жасады.
Семинарға құқық қорғау саласының өкілдері, бөлім басшылары мен кент, ауылдық округтердің әкімдері, заңгер мамандар қатысты.
Жиын қорытындысымен қала әкімдігіне қарасты мекемелерде қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған оқыту семинарларын өткізу, сондай-ақ тұрғындар арасында «Заң мен тәртіп» қағидасын кеңінен насихаттау бойынша жауапты сала басшыларына нақты міндеттер тапсырылды.
«Заң мен тәртіп» – Әділетті, Таза және Қауіпсіз Қазақстанды құрудың басты кепілі.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
