Дүйсенбі, 25 мамыр, 19:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38 (2250)
23.05.2026
PDF мұрағаты

Заңды тұлғаларға мемлекеттік органдардың атауын және қысқартуларын қолдануға тыйым салынды

25.05.2026

59 0

Фото: freepik

Әділет министрінің 2026 жылғы 13 мамырдағы бұйрығымен заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жаңа талаптарға сәйкес, мемлекеттік орган, мемлекеттік мекеме немесе квазимемлекеттік сектор субъектісі болып табылмайтын заңды тұлғаны тіркеу кезінде атауында келесі элементтерді қолдануға тыйым салынады:

  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының ресми атаулары;
  • мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің атаулары;
  • соларға ұқсас қысқартулар, аббревиатуралар және туынды сөздер;
  • шатастыруға әкелетін өзге де атаулар мен белгілер.

Бұйрық 2026 жылғы 2 маусымнан бастап күшіне енеді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: