Сәрсенбі, 24 сәуiр, 15:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Заңсыз қару алып жүрген

08.12.2021

599 0

Облыс көлемінде өтіп жатқан «Құқық тәртібі» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 9 желтоқсан күні сағат 09:30 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жалағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері Аққолқа елді-мекенінің мал жайылымдық жерде 40 жастағы ауыл тұрғынының қару ұстап келе жатқанын көріп тоқтатқан.

Тексеру кезінде өзімен бірге ІІО тіркеуде жоқ, 16-калибрлі, 2 ұңғылы, «ИЖ» маркалы аңшы мылтығын алып келе жатқаны анықталды.

Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482–бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: