Жұма, 27 желтоқсан, 00:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Заңсыз қару тасымалдаған

03.02.2021

1446 0

«Қауіпсіз жол» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде Қызылорда қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 01 ақпан күні қызмет атқару барысында сағат 01:45 шамасында қала аумағындабойында «Нексия» автокөлігін тоқтатқан.
Тексеру барысында автокөліктің артқы орындығының астынан, сараптама қорытындысына сәйкес, 1 ұңғылы, 12-калибрлі МР-155 маркалы, тегіс ұңғылы, атуға жарамды, аңшы мылтығы анықталған.
Жүргізуші және жолаушысы Полиция басқармасына жеткізіліп, оқиғаның мән-жәйлары анықталуда.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 бабының 1 бөлігіне сәйкес (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қызылорда облысы Полиция депратаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: