Бейсенбі, 10 қазан, 04:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

«Жалған терроризм» үшін қылмыстық жауапкершілік

22.12.2021

591 0

Телефон терроризмінен аулақ болыңыз!

Терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлау аса ауыр қылмыс қатарына жатады. Қазіргі таңда қауіпсіздік жүйесі мен жаңа технологиялар бойынша жалған хабарды жеткізген адамның тұрғылықты жерін және жеке тұлғасын анықтау қиындық тудырмайды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабында дайындалып жатқан терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау – бес мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге тартылған мемлекеттік органдардың материалдық залалын өтеуі мүмкін.

Назар аударыңыз! Балалардың терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар жеткізген жағдайда ата-аналары жауапкершілікке тартылады.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: