Жұма, 26 сәуiр, 20:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Жаңа оқу кезеңіне жаңа серпінмен

01.06.2022

635 0

Қарулы күштер басқару органдарының офицерлері Қызылорда гарнизонында болып, арнайы мақсаттағы бөлімшелердің жазғы оқу кезеңіне дайындық барысы мен моральдық – психологиялық жай-күйін тексерді.


Әскери бөлімшелерде полковник Абай Абдуллаев бастаған комиссия жұмысты әрбір әскери қызметшінің моральдық-психологиялық жағдайын, мемлекеттік – құқықтық дайындығын және жеке құрамның саптық байқауын тексеруден бастады. Әскери қызметшілердің киім нысаны мен киім-кешегі, бөлімшелердің жеке құраммен жасақталуы, бөлімнің қару-жарағы мен әскери техникасының жай – күйі тексерістен өтті. Әскери бөлімді аралау барысында әскери қызметшілермен сұхбаттасу болып, арнайы сауалнамалар өткізілді.


Сонымен қатар «Тереңөзек» оқу – жаттығу полигонында болып, атыс алаңының алдағы жауынгерлік жаттығуларға әзірлігін бақылады. Бөлімнің жауынгерлік, оқу – материалдық, техникалық базаларының және кұжаттарының дайындығы бойынша бірқатар тапсырмалар берді.
– Алдағы жазғы оқу кезеңіне жоспарланған жауынгерлік даярлық сабақтарын сапалы жүзеге асыру әрбір әскери қызметшінің кәсіби біліктілігін арттыруға өз септігін тигізеді. Осындай тексерістер барысында жеке құрамның іс – қимылдарды үйлестіруі, жауынгердің өз міндетін түсінуі және қойылған тапсырмаларды кәсібилікпен орындауы кезең-кезеңімен жетілдіріле түседі, – дейді комиссия төрағасы полковник Абай Абдуллаев.


Жаңа оқу кезеңіне сапалы дайындық мақсатында бөлімде жеке құрамды даярлау сапасын жақсартуға бағытталған нұсқаулық-әдістемелік және көрнекі сабақтар өткізіліп келеді.

Мұхит Қонаров.

Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы, лейтенант

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: