Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 20:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Жазасын өтеуші әйел азаматшалар жаздық көйлектер тігуде

27.04.2023

581 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің № 37 мекемесінде 160-тан астам сотталған жазасын өтеп жатыр. Солардың арасында әйел азаматшалар да бар. Осы азаматшаларды жұмыспен қамту мақсатында мекеме әкімшілігі қала ішіндегі тігін цехына жұмысқа орналастырған. Олар тегін цехында сәнді қазіргі заманға сай көйлектер тігуді қолға алған. Тігін цехында 10 сотталған жұмыс жасайды. Олардың бірі киімдерді пішу, кесумен айналысса, қалғандары тігумен айналысады.
-Қазіргі таңда тұтынушылардың киімге деген сұраныс артып келеді. Сұраныстарына сай тігіп беруге тырысамыз. Бостандықта жүргенімде киім тігу курсын оқып алғанмын. Жақсы меңгергендігімнен шығар еш қиындықсыз жұмысқа да қабылдады, айлығым да уақытылы төленеді. Отбасыма да жіберіп отырмын. Жұмыс жасау арқылы ойымыз бөлініп, бостандыққа тезірек шықсақ деген арманымыз бар. Жаза бастым, жаңылдым, жазамды өтеп жатырмын. Жастарға айтарым адал еңбек етіп, ешкімнің ала жібін аттамаңдар дер едім»,- деді сотталған әйел.

  • Мекеменің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының инспекторы әділет лейтенанты Е.Шаметтің айтуынша сотталғанды мекемеге жаза мерзімін өтеуге жібергеннен бастап зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Сала мамандары сотталғандарға құқықтары мен міндеттерін, мекеменің ішкі тәртіптерін және психологтың, медицина қызметкерлерінің қабылдауында болады. Орта білімі болмаса кешкі мектепке оқытамыз. Жұмысқа қабілетті сотталғандарды жұмысқа орналастырамыз. Сотталғандарды жұмыспен қамтудағы басты міндет сот үкімі негізінде мемлекет пайдасына, жеке, заңды тұлға пайдасына келтірілген шығындарын өтеу болып табылады дейді мекеме қызметкері.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: