Жұма, 19 сәуiр, 00:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Жазасын өтеушілерге 100 сағаттық жаза тағайындалды

05.02.2024

299 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің Қазалы аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын алты азаматқа 100 сағаттық мәжбүрлі еңбек қосымша жаза ретінде тағайындалған.
Мәжбүрлі еңбекті жергілікті атқа­ру­шы органдар қоғамдық орындарда ұйымдастырады және күніне төрт са­ғат­тан асырылмай өтеледі. Жергілікті атқарушы органдар айқындайтын бұл жаза түрі жазаны өтеудің бүкіл мер­зі­мі ішінде жыл сайын жүз сағаттан тағайындалады.
Сот үкімімен осындай жаза түрі тағайындалған сотталғанның бірі – Алмат. Ол 2023 жылы Қазалы аудандық сотының үкімімен КР ҚК 300 бабының 1- бөлігімен(Құрамында есiрткi заттар бар, өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егіп-өсіру) кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасына тартылған. Сонымен қатар ол жаза өтеу кезінде 100 сағаттан аспайтын қоғамдық жұмыстарды атқару белгіленген.

– Сотталған азамат 100 сағаттық мәж­бүрлі еңбегін өтеу үшін Әйтеке би кенті әкімшілігіне жіберілді. Қазіргі таңда күніне төрт сағаттан асырылмай мәжбүрлі еңбегін өтеуде. Көшелерді қардан тазалау жұмыстарын атқарып жүр. Пробация қызметкерлері тарапынан мәжбүрлі еңбек тағайындалған сотталғандарды жұмыс жасап жүрген жеріне барып тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Есептегі тұлғалар жұмыстарын уақытылы атқарып жүр.Қазіргі таңда аудандық пробация қызметінің есебінде 80-нен астам адам есепте тұрады»,-деді пробация қызметінің бастығы Ербол Сражатов

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: