Жексенбі, 23 маусым, 07:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
49-2059
22.06.2024
PDF мұрағаты

Жазасын өтеушілерге заңгерлік және психологиялық көмек берілді

27.05.2024

191 0

Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің  №37 мекемесіндегі жазасын өтеушілер заңгер мен психологтан көмек алды. «Жігер» қоғамдық қорының заңгері Жұмаділдаев Мұрат  Әлімбайұлы мен психолог  Қойшыбаева Қарлыған Балтабаевна сотталғандарды жеке- жеке қабылдап, психологиялық, заңгерлік көмек көрсетті.
Қабылдауға болған сотталғандардың  басым бөлігі  ҚР ҚК-нің  72,73 баптарына сәйкес, қылмыстық ісі бойынша, өтінішхат жазу тәртібі, заңды өкіліне сенімхат беру, некеге тұру жолдары және өзге де мәселелер төңірегінде сұрақтар қойды. Ал психолог маман жазасын өтеушілерге психологиялық жаттығулар жасатып, сұрақтарына жауап берді.
Сотталғандардың бірі психолог маманның кеңесінен қажетті мағлұмат алып, өзінің жасаған қылмысына өкінетінін білдірді.

  • Жасаған қылмысым үшін қатты өкінемін. Ішімдік ішіп автокөлік жүргіздім. Кінәлімін.  Психолог маманның кеңесінен үлкен ой түйдім. Айналамызға, қоғамға көзқарасымызды жақсартуға ықпал жасап, осындай іс –шараларды өткізіп жүрген мекеме қызметкерлеріне алғысымыз шексіз,- деді сотталған азамат.
    Кездесу соңында жазасын өтеушілер көрсетілген құқықтық көмек пен психологиялық көмекке  өз алғыстарын білдірді.
    .

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: