Жұма, 19 сәуiр, 13:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Жүзінен нұр тұнған Жадыра

08.03.2023

547 0

Қазіргі уақытта нәзік жандылар қызмет талғамайды. Сан салаға білек сыбана кірісіп, өз міндетін адал әрі білікті атқарып жүр. Сондай жанның бірі, Маңызбаева Жадыра Маратқызы Қылмыстық атқару саласың Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінде Тылмен қамтамасыз ету бөлімінің мемлекеттік сатып алу туралы инспекторы болып жұмыс істейді.

Негізгі міндеті : мекемеге қажетті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды бекіту және тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына сүйене отырып жұмыс атқару болып табылады.

Әр ай сайын мемлекеттік сатып алу жайлы веб порталына тауарлар, қызметтер, жұмыстарға хабарлама беріліп, веб портал арқылы қорытындысы шығарылып, өнім берушімен электронды келісіп шарт жасалады. Осы жасалынған келісім шарттың уақтылы орындалуын, яғни мекеме қоймаға келіп түсуін қадағалайды. Үстіміздегі жылдың басында мекеме қаржы жоспарына сәйкес, мемлекеттік сатып алу жоспарлары бұйрықпен бекітіліп, электронды веб порталға енгізілді.

Яғни, бұл веб порталдағы млекеттік сатып алу жоспарына, мекеме қызметкерлерінің сұраныстары мен қызметтік қажеттілік заттай мүліктері, тауарлар, сотталғандардың азық-түлік өнімдері, мүліктері, қажетті қызметтер мен жұмыстар көлемдері бойынша енгізілді – деп, өз қызметтік міндеттемесі бойынша нақты атқарылып жатқан жұмыстары жайлы айтып берді.

Он жылға жуық осы мекемеде үздіксіз еңбек етіп келе жатқан ҚАЖ қызметкері өз ісіне, тиянақтылықпен қарап, ұжымның ортасында бедел мен құрметке ие болған жан. Еңбегі еленіп, бірнеше рет мақтау қағаздар мен алғыс хаттармен марапатталған. Жадыра жұмыста жауапкершілігі мол қызметкер болса, отбасында жарының- аяулысы, ұлына – асыл ана, ата-енесі мен ел-жұртына сыйлы келін.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: