Жұма, 19 сәуiр, 10:53

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

150 жылға сотталған адам

02.02.2021

11765 0

Адамзат тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасын ұйымдастырғаны үшін АҚШ соты америкалық олигарх Бернард Мейдоффты 150 жылға соттапты. Бұл – 2009 жылы болған оқиға.

Негізінен, Бернард дүние жүзіндегі ең бай адамдардың қатарында болған. Ол 1938 жылы Нью-Йоркте еуропалық азаматтардың отбасында өмірге келген. 1956 жылы сол қаладағы әйгілі Far Rockaway мектебін тәмамдайды. Жас кезінен жүзумен айналысқан Бернард араға төрт жыл салып Хофстра колледжін бітіреді. Оқып жүріп жағажайда құтқарушы және бақшалық қондырғылар құрылысын монтаждаумен айналысады. Жұмыс жасап тапқан бес мың долларына ол 1960 жылы  Madoff Investment Securities деп аталатын фирмасын ашады. Кәсіпте табысты бола бастаған Бернард он жылдан кейін бауыры Питер мен Роджер, Шан есімді жиендерін және Марк пен Эндрю атты ұлдарын  өз ісіне тартады.

Мейдоффтың бизнесі жыл өткен сайын өркендей береді. Ол тіпті, NASDAQ атты америкалық қаржы қорын құруға қатысады. Madoff Investment Securities фирмасы осы биржаның саудасымен айналысатын ең ірі фирмалардың бірі болды. Б.Мейдофф 1990 жылдардың басында NASDAQ-тың директорлар кеңесінің мүшесі әрі оның төрағасы қызметін атқарды.

Бәрі осылай жалғасып жатқан. Бір күні жинаған дүние мен байлықтың бәрі құрдымға кететінін кім білген? Өйткені ол адамзат тарихындағы ең ірі қаржы пирамидасын ұйымдастырған болып шықты. Бернард құрған алаяқтық жүйе 50 миллиард қаржыны құрдымға жіберіп, 3 миллион адамды күйзеліске ұшыратқан. Бұл қаржы пирамидасының күйреуі 2007-2008 жылдардағы Америкадан бастау алған қаржы дағдарысымен тұспа-тұс келді. Оған көптеген америкалық банктер мен халықаралық қорлар ақша салған деседі. Дегенмен 2009 жылы Бернард ұсталды. Көптің көз жасы жіберсін бе?  Нью-Йорк соты оны 150 жылға соттапты. Бернард жайлы биыл «Лжец. Великий и Ужасный» деген фильм де шықты. Мейдоффтың рөлін Роберт Де Ниро сомдады.

Осылайша, байлығында есеп жоқ Бернард әшкере болды. Шынында, қаншама байлығы Бернардты сотталудан құтқара алмады. Балалары да қайғылы жағдайға ұшырады. Оның Марк есімді ұлы 2010 жылы өз үйінде дарға асылған күйінде табылды. Ал екінші баласы Эндрю 2014 жылы рактан қайтыс болды.

 Қазақта «көптің қарғысын емес елдің алғысын алған көгереді» деген сөз бар. Біздің айтқымыз келгені де осы.

А.АҚЫЛБЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: