Жексенбі, 06 қазан, 03:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№79-2089
05.10.2024
PDF мұрағаты

Дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы жастардың құқықтық және діни сауатын артыру мәселесі

25.10.2020

1872 0

Еліміздің ата заңында ар-ождан бастандығы туралы, дінге және діни нанымға байланысты кемсітуге болмайтындығы, сондай-ақ қандай дін болмасын, азаматтардың ерекшеілктеріне қарамастан тең құқылы екендігі жазылған.

Қазақстандағы қазіргі діни ахуал күрделі әрі сан-салалы. Сөзіміздің дәйекті болуы үшін соңғы кездердегі деректерге назар аудара кетсек, 1989 жылғы 1 қаңтарда 30 конфессияға тиесілі 700-ге жуық діни бірлес­тіктер болса, 2003 жылдың 1 қаңтарында 3206 діни бірлестіктер жұмыс істеген. Қазір діни бірлестіктер мен ұйымдардың саны 4209-ға жеткен. Олардың арасында 2488 исламдық, осылардың ішінде  суниттік, шииттік, сопылық, ахмадия ағымдары бар. Бұған қоса Қазақстанның аумағында православиелік шіркеуге жататын 292 діни бірлестік, 7 старообрядтық шір­кеу, римдік-католиктік шіркеуінің 84 бірлестігі, 1267 протестант­тық бірлестік жұмыс істейді. Қа­зіргі Қазақстандағы дәстүрлі емес діни қауымдарға төмендегілер ене­ді:                5 буддистік қауым, 24 ин­дуис­тік, 12  кришнаиттік, 23 ба­хай,                               2 трансценденталдық меди­та­ция қауымы, ұлы ақ бауыр­лас­тықтың                  2 қауымы, 6 саентология шіркеуі қауымы және т.б. Ең басты алаңдатушылық тудыратын мәселе діни ұйымдардың бар қарқынымен өсуінде болып отыр.[1]

Миссионерлік – діни ұйымдар­дың ілімдерін таратуға арналған діни және саяси қызмет. Миссио­нерлік ұйымдардың шоқындыру саясаты, Африка және Азия халық­тары арасында қарқындап, мақсат­ты түрде жүргізіліп отыр. Миссио­нерлік ұйымдарға бірқатар елдердің мемлекеттік құрылымдары, қайы­рым­дылық қорлары, үкіметтік емес ұйымдар, қаржылық топтар мате­риалдық және моральдық  тұрғы­дан көмектесіп, ортақтаса жұмыс жасайды. Миссионерлер баратын ел халқының дінін, тарихын, әдет-ғұрпын, ділі мен психологиясын зерттеп біліп барады.

Көптеген миссионерлер жергі­лікті халық басым елді мекендерде тұрып, сол халықтың тілін, әдет-ғұрпын, мінез-құлықтарын өз қызметтерін табысты атқару үшін жетерліктей деңгейде зерттеп, үйренеді. Елімізде протестанттық және неопротестанттық                         шіркеу­лердің миссионерлік қызметтері халқымыздың діни бірлігі мен ынтымақты өміріне кері әсерін тигізеді.

Дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдері, яғни миссионерлер өздерінің нанымдарын таратуда әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Негізінен заң аясында тіркеліп, жария түрде жұмыс атқарған сияқты көрінгенімен, астарлы түрде көптеген жұмыстарды атқарады. Оған қазіргі тіл үйрету курстарының, қайырымдылық қорларының көбейіп кетуі, сол арқылы өздеріне жақтастарды тауып жатқандығы куә.

Сонымен қатар, заман талабына сай оқу орындарын құру, сол арқылы өздері қалаған мамандар мен адамдарды даярлап шығу да миссионерлердің батыл қолданатын тәсілі болып табылады. Яғни, Қазақстан территориясында да жеке оқу орындарының қатарында осы мақсатта жұмыс істеп жатқардары баршылық [2].

Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарын, соның ішінде діни мағыналы газет-журналдар шығару да қазіргі дәстүрлі емес діни ағымдар жиі пайдаланатын тәсіл.

Жалпы Орталық Азияда, соның ішінде Қазақстанда діни ағымдардың еркін таралуы мен олардың қатарының күн санап өсуінде халықтың, әсіресе жастардың құқықтық және діни сауатының төмендігі үлкен ықпалын тигізіп отыр деуге болады [3].

Өзекті мәселелердің бірі діни ұйымдардың Қазақстан территориясында тіркелуі мәселесі. Зиянды діни ұйымдар бастабында өздерінің жарғыларында нақты жүзеге асыратын шынайы қызметтерін көрсетпейді. Өйткені, олардың бұл ұстанымдары Қазақстан Республикасының заңдарына сай келмейді. Олардың шынайы бейнелері, тараптарларының саны белгілі бір межеден асқаннан кейін ғана көріне бастайды. Мәселен, соңғы кездері көріне бастаған «Йегова куәгерлері» бірлестігінің заңға қайшы әрекеттері. «Йегова куәгерлері» –  Қазақ­стан­дағы саны жағынан өсіп келе жатқан конфессия болып отыр. Оның діни орталығы Есік қала­сында орналасқан, 70-тен астам діни бірлестіктері әділет орган­дарында ресми тіркелген және 30-дан аса жергілікті қауымдары бар, оны ұстанатын адамдары өзге дәстүрлі емес діни ұйымдармен салыстырғанда анағұрлым жоғары. Сондықтан да олардың ұстанымдары бойынша қолға қару алуға, науқас адамға қан құюға, шекараны мойындауға т.б. елдік ерекшеліктерді ұстануға болмайтындықтан сенімдеріне қайшы болып саналады.

1999 жылы діни бірлестіктер­дің  құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатымен Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығы құрылды. Бұл қауымдастық 200-ге жуық діни бірлестіктерді бірік­тіреді. Сонымен қатар осындай зиянды ағымдардан зардап шеккен адамдарды сауықтыратын орталықтар да күн санап артып келе жатыр.

Қазақстан Республикасының Конституциясында ождан                    бостан­дығы мен діни бостандықтың қа­ғидаттары, әртүрлі конфес­сия­ларға жататын азаматтардың өздерінің діни бірлестіктерін құру­дағы теңқұқылығы, мемлекеттің шіркеуден бөлінгендігі туралы қағидаттар бекітілген. Сондай-ақ діннің және діни бірлестіктердің әлеуметтік қызметтерін реттеудің халықаралық тәжірибелеріне негізделген өзге де бірқатар нормативтік-құқықтық негіздер бар. Соған қарамастан, діннің мәртебесі, оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен рөлі, яғни діннің қоғамның әлеуметтік-саяси, рухани салаларына тигізер әсерінің мәртебесі, кеңістігі және шекаралары қазірге дейін дәл анықталмаған. Осындай белгі­сіздік, әсіресе оның теріс салдары еліміздегі қазіргі діни жағдайда орын алған жаңа үрдістерге                        бай­ланысты анық та айқын аңғары­луда. Бұл, әрине, әсіресе дін мен діни сананың күдік туғызатын діни-рухани нормалары мен дог­маларына негізделген жаңа діни ағымдар мен бағыттардың пайда болуына байланысты. Мұндай әсі­решіл нышандар діни                            фунда­ментализм мен діни экстремизм ретінде көрініс табуы мүмкін.

Қазіргі кезде азаматтар көптеген құқық бұзушылықтарға қарсы құқық қорғаушыларға жүгіну керектігін біледі. Мәселен, ұрлық жасалса шариғат бойынша оның қолын шабуды емес, құқық қорғаушылар арқылы заңды жауапқа тартуды ойлайды. Алайда, көптеген теріс ағымның құрбанына айналған азаматтар, әсіресе әйелдер өзінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтарының жауабы шариғаттан іздейтіндігі түсініксіз. Сондықтан, зайырлы мемлекеттің азаматы ретінде кез-келген құқық бұзушылықтар мен қоғамдық қатынастар заңмен реттелететіндігін естен шығармаған дұрыс. Шариғат бойынша да құқықпен қолданылған жаза, шариғи жазаның орнына жүреді деп есептеледі.

Қортындылай келгенде, дәстүрлі емес діни ағымдардың таралу жолдары; алдымен белгілі бір тұлғаның дәстүрлі ағымдардың таралуында қолдау көрсетуі болып табылады. Яғни, олар өздерін құқықтық және әлеуметтік тұрғыдан қорғау мақсатында танымал, беделді адамдармен тығыз жұмыс атқаруға барын салады. Екіншіден басқа мемлекеттердің мүддесі тұрғысынан әрекет жасайды. Бұл діни ұйымдардың Қазақстанда таралуына кейбір шет мемлекеттерде өздерін мойындатқан немесе идеологиясына сай келетіндіктен үкіметтік деңгейде таралу қолдауына ие болады. Үшіншіден олардың қаржылық мәселелері жөнінде болып отыр. Дәстүрлі емес діни ұйымдардың екі қыры бар: бірі коммерциялық, екіншісі идеологиялық. Олар тек діни ағым ретінде ғана емес, инвестор немесе бизнес өкілі ретінде де еркін жұмыс істейді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Шәпиев Б. Діни бірлестіктер іс-әрекеттерінің бағыттары. Әдістемелік құрал. – Алматы, 2009. – 5  б.

  • Абдуррахман К., Түмер Г. Діндер тарихы. –Анкара: 1997. – 411 б.
  • Жастардің көзқарасы тұрғысынан Түркі әлемінің діни мәселелері// Форум материалдары/ – Анкара: 1998. 24-25 бб.

К.Тышхан,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Дінтану кафедрасының доценты,ф.ғ.к., дінтанушы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: