Жұма, 30 шiлде, 01:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№59 (1761)
26.07.2021
PDF мұрағаты

Қазақстандағы дәстүрлі діни құндылықтар және жаңашыл көзқарастар қайшылығы

21.10.2020

347 0

Еліміздегі діни ахуал күн өткен сайын күрделеніп келеді. Осыған байланысты күнделікті қоғамдық қатынастарда діни ұстанымның ерекшеліктері мен әртүрлі қырлары жарыққа шығып жатыр. Дінді ұстанушылардың қатары молайған сайын қоғамдық ортада жағымды-жағымсыз пікірлер туындап, қарама-қайшылықтар, отбасылық өмірдегі кикілжіңдер, діни түсініктердегі алшақтықтар белең алуда. Егер, әлем елдеріндегі осы діни ұстаным мен қарым-қатынастарға байланысты қайшылықтарды назарға алар болсақ, діни алауыздық пен бөлінушіліктің зардабы орасан болатындығына көз жеткізуге болады. Осы мәселелерге назар сала отырып діннің қоғамдық қатынастардағы, мемлекеттік саясаттағы, білім беру саласындағы басым бағыттардың бірі екендігін мойындауға тура келеді.

Жалпы Орталық Азияда, соның ішінде Қазақстанда діни ағымдардың еркін таралуы мен олардың қатарының күн санап өсуінде халықтың, әсіресе жастардың құқықтық және діни сауатының төмендігі үлкен ықпалын тигізіп отыр деуге болады [1].

Соңғы кездері елімізде дәстүрлі діни нанымдарымыз бен салтымызға сіңген діни көзқарастарға үйлеспейтін әртүрлі пікірлер мен ұстанымдар жарыққа шыға бастады. Бұл өз кезегінде ұлттық құндылықтарымызға да өзінің кері әсерін тигізуде. Бастабында көзімізге көрінген діндарлардың барлығына періштедей сеніп, солардан қалмай дінді үйреніп, діндар болғанның жөні осы деп жаппай дінге ұмтылу үрдісі жүрді. Кейіннен жылтырағанның барлығының алтын емес екендігіне көзіміз жете бастағандай. Қазақ халқы үшін дәстүрлі дін ретінде исламның құндылықтары күнделікті өмірде өз орнын алғаны белгілі. Қазірде осы ежелден халқымыз дәріптеп, құрметтеген дінімізге де күдікпен қарайтын дәрежеге жеттік. Алғашқы кездері дін адамдары мен діни кітаптарды көргенде қуана да, құрметтей қарасақ, қазір үмітімізден күдігіміз басым болды. Бұған себеп те жоқ емес. Соңғы кездері бүйректен сирақ шығарып, діни реформа жасағысы келетін топтар өздерінің пиғылдарын көрсете бастады.

Демек соңғы кездері халқымыздың ішіне ірткі салып жүрген діндарсымақтар мен дінсымақтар ешқашан біздің мүддемізге сай келмейді, оларда діни мүддеден гөрі саяси мүдде басым. Сондықтан елдің, ұлттың, халықтың түтастығын сақтап қалу үшін, өздерін ғана ақылды және тура жолдамыз деп санайтын дін үйретушілерден сақтану қажеттілігі туындап отыр.

Еліміздегі десструктивті және тоталитарлы топтардың қармағына ілінген азаматтар соңғы кездерде жиі шағымдана бастады. Сондықтан осындай зиянды ағымдардан зардап шеккен адамдарды сауықтыратын орталықтар да күн санап артып келе жатыр.

Қазақстан Республикасының Конституциясында ождан                   бостан­дығы мен діни бостандықтың қа­ғидаттары, әртүрлі                        конфес­сия­ларға жататын азаматтардың өздерінің діни бірлестіктерін құру­дағы теңқұқылығы, мемлекеттің шіркеуден бөлінгендігі туралы қағидаттар бекітілген. Сондай-ақ діннің және діни бірлестіктердің әлеуметтік қызметтерін реттеудің халықаралық тәжірибелеріне негізделген өзге де бірқатар нормативтік-құқықтық негіздер бар. Соған қарамастан, діннің мәртебесі, оның қоғам өміріндегі шынайы жағдайы мен рөлі, яғни діннің қоғамның әлеуметтік-саяси, рухани салаларына тигізер әсерінің мәртебесі, кеңістігі және шекаралары қазірге дейін дәл анықталмаған. Осындай белгі­сіздік, әсіресе оның теріс салдары еліміздегі қазіргі діни жағдайда орын алған жаңа үрдістерге                          бай­ланысты анық та айқын аңғары­луда. Бұл, әрине, әсіресе дін мен діни сананың күдік туғызатын діни-рухани нормалары мен                           дог­маларына негізделген жаңа діни ағымдар мен бағыттардың пайда болуына байланысты. Мұндай әсі­решіл нышандар діни                            фунда­ментализм мен діни экстремизм ретінде көрініс тауып отыр деуге болады.

Сонымен бірге, көптеген араздықтар мен дұшпандықтардың басты себебі ретінде діни дүмшелік, дінді толық түсінбеуді айтуға болады. Сондықтан да елбасымыз: «Біз діни фанатизм мен діни дүмшеліктен қатар сақтануымыз керек» – дейді. Біздің пікірімізше, діни фанатизмге апаратын да діни дүмшелік болса керек. Сондықтан дінді ұстанушылар діннің тек сыртқы шарттарын ғана емес, рухани кемелдік қағидаларын, адамгершілік ұстындарын да қатар меңгергені дұрыс. Егер қандай да діннің өкілі болмасын өзін жаратушысының сүйікті пендесі болуын қаласа, сол жаратушысы жаратқан барлық адамзат атаулыған, олардың сенімдеріне, тіпті әлемге құрметпен қарауы қажеттігін түсінуі тиіс. Ал дін атаулының барлығы араздастыруға, соғыстыруға емес, бейбітшілікті орнатуға келгендігін ешбір діннің өкілі жоққа шығармайды.

Соңғы кездері елімізде дәстүрлі діни нанымдарымыз бен салтымызға сіңген діни көзқарастарға үйлеспейтін әртүрлі пікірлер мен ұстанымдар жарыққа шыға бастады. Бұл өз кезегінде ұлттық құндылықтарымызға да өзінің кері әсерін тигізуде. Бастабында көзімізге көрінген діндарлардың барлығына періштедей сеніп, солардан қалмай дінді үйреніп, діндар болғанның жөні осы деп жаппай дінге ұмтылу үрдісі жүрді. Кейіннен жылтырағанның барлығының алтын емес екендігіне көзіміз жете бастағандай. Қазақ халқы үшін дәстүрлі дін ретінде исламның құндылықтары күнделікті өмірде өз орнын алғаны белгілі. Қазірде осы ежелден халқымыз дәріптеп, құрметтеген дінімізге де күдікпен қарайтын дәрежеге жеттік. Алғашқы кездері дін адамдары мен діни кітаптарды көргенде қуана да, құрметтей қарасақ, қазір үмітімізден күдігіміз басым болды. Бұған себеп те жоқ емес. Соңғы кездері бүйректен сирақ шығарып, діни реформа жасағысы келетін топтар шыға бастады. Ғасырлар бойы аталарымыз ұстанып, діни-рухани қажеттілігімізді атқарып келген дәстүрлі ислам қате мыс! Пайғамбарға тарихи тұрғыдан жақын өмір сүріп, бізден гөрі дінге, құдайға адалырақ болған, өзгенің емес, алдымен өз қателігіне баса назар аударған аталарымыз теріс жолда болған мыс! Құдайға серік қосып, күпірлікке түсіпті! Таза исламды кейінгі «ақылды» арабстандықтар ойлап тауыпты. Қазақстандың исламы бидғатқа толып кетіпті. Оны тазалау керек екен. Сонда мынадай сұрақ туындайды. Егер қанша ғасырдан бері ата-бабаларымыздың барлығы күнәкар болса, құдайға серік қосса, барлығы да тозаққа кеткені ме?! Тозаққа немесе жұмаққа жіберу құдайдың ғана қолында емес пе?!

Әсіресе нағыз мұсылман адам біріншіден сабырлы болуы керек. Екіншіден, ешкімге қарсы кәпір, күнәкар деген сөздерді абайлап қолдануы керек. Тіпті өздерін нағыз сүннетпен жүреміз деушілер алдымен пайғамбардың өмірінен сабақ алуы тиіс. Өйткені Мұхаммед пайғамбар (с.а.у.) сенімді хадисінде: «Қорқытпаңдар сүйіншілеңдер, ауырлатпаңдар жеңілдетіңдер» -деп бұйырады. Онда мұсылмандарды сен тозаққа барасың, сенің істеп жүргенің ширк (Аллаға серік қосу, күпірлік) деп құдайдың өкілеттілігін өз қолдарына алып жүргендерді қалай түсінуге болады?!

Таразының екінші бір басында дәстүрлі исламды уағыздаймыз, біздің ата-бабаларымыз зікір салған, ең маңыздысы сол, намаздың да басқа құлшылықтардың да төресі зікір деп, асыра сілтеп жүргендер тұр. Біреуіне ұнамасаң сопы дейді, екіншісіне ұнамасаң сәләф, уахабист, қысқабалақ дейді. Сонда шынайы бауырмашылдық пен сүйіспеншілікті уағыздайтын, пайғамбар «үмметім» деп мақтанатын, біреудің ала жібін аттамайтын, «Ең жақсы мұсылман – басқаларға ауызымен және қолымен зиян келтірмейтін» (хадис) мұсылмандар қайда?!

Демек соңғы кездері халқымыздың ішіне ірткі салып жүрген діндарсымақтар мен дінсымақтар ешқашан біздің мүддемізге сай келмейді, оларда діни мүддеден гөрі саяси мүдде басым. Сондықтан елдің, ұлттың, халықтың түтастығын сақтап қалу үшін, өздерін ғана ақылды санап, дін үйретушілерден сақтану қажет!

Ибн Таймия (Ахмет Такиуддин) Х. 661 жылы Харранда дүниеге келген. Ханбали мазхабының факихы. Сол кезде Ашари бағыты суннаға ең жақын бағыт болып саналды. Тіпті атақты крест жорықтарына тойтарыс беруші Салахаддин Аюбидің өзі осы бағытта болған. Бірақ Ашари бағыты көбіне логика мен философияға көңіл бөлгендіктен кейбір Ханбалилар оларға қарсы шықты. Олардың арасында Ибн Таймия да бар еді. Сол кездегі Монғол шапқыншылығына қарсы ол михрабтан түсіп, соғыс алаңына араласқаннан кейін оның беделі арта түсті.

ХІІ-ғасырда Мұхаммед б. Абдулуаххаб (1703-1787) Ибн Таймияның сенім және фиқхқа қатысты кітаптарын зерттеп, оны таратуды бастайды. Сауд Арабиясының патша әулетінің атасы Мұхаммед б. Сауд (1766 ж. қайтыс болған) Мұхаммед б. Абдулуаххабтың (еништеси) болатын. Бұл адам өте жауынгер болғандықтан Ибн Таймияның көзқарастарын тарату жолында соғысуға дейін барған. Өйткені ол бұл ісін сунна деп бағалаған. Оның саяси мүддесі мен діни мазхабты қолдау мүддесі қабысып кеткен.

Сунна бойынша қабірді зиярат ету көзқарасын қалыптастырып, шииттердің мешіттерін қиратып, мешіттерге мұнара салуға, намаздан кейін тасбих қолдануға тиым салған. Барлық нәрсенің исламның алғашқы ғасырындағыдай қарапайым болуын қалап, айналасындағыларға уағыздай бастайды. Қазірде Ибн Таймияның жақтастары мұсылман елдерінде қайтадан көбейе бастады.

К.Тышхан,

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Дінтану кафедрасының доценты,

ф.ғ.к., дінтанушы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: