Сенбі, 13 маусым, 01:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44 (2256)
13.06.2026
PDF мұрағаты

Журналист болу – арманым

13.06.2026

37 0

 «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел» деп ұлы ақын Абай айтқандай, сөздің қоғам өміріндегі орны ерекше. Адамзат тарихында сөз арқылы халықтың санасы оянып, ұлттың рухы көтеріліп, маңызды өзгерістер жүзеге асқан. Сондықтан мен өз болашағымды журналистика саласымен байланыстыруды жөн көрдім. Мен үшін журналистика – жай ғана мамандық емес, ақиқатқа қызмет етудің, қоғамға пайда тигізудің және халықтың үнін жеткізудің жолы.

Бала кезімнен қоғамдық өмірде болып жатқан жаңалықтарға қызығушылық танытып өстім. Теледидардағы жаңалықтар бағдарламаларын көріп, газет-журналдардағы мақалаларды оқыған сайын журналистердің еңбегіне деген құрметім арта түсті. Олар оқиғаны баяндап қана қоймай, халықтың мәселесін көтеріп, елдің дамуына ықпал етеді. Осы қасиеттер мені журналистикаға жақындатты.

Ахмет Байтұрсынұлының «Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі» деген сөзі журналистиканың мәнін толық ашып береді. Шынында да, журналист қоғам мен халықтың арасындағы алтын көпір. Ол адамдарға маңызды ақпарат жеткізіп қана қоймай, олардың ой-пікірін қалыптастыруға әсер етеді. Сондықтан журналистің ең басты қасиеті  – шындыққа адалдық деп есептеймін.

Белгілі журналист, әрі жазушы Шерхан Мұртаза өз шығармашылығы арқылы әділдіктің, батылдықтың және азаматтық ұстанымның үлгісін көрсетті. Оның өмір жолы мен еңбегі маған үлкен мотивация береді. Мен де болашақта қоғамдағы маңызды мәселелерді көтеріп, халықтың сеніміне ие болатын журналист болғым келеді.

Журналистика мамандығының тағы бір ерекшелігі – оның шығармашылыққа жақын болуы. Қазіргі цифрлық дәуірде ақпараттың рөлі бұрынғыдан да күшейді. Әлеуметтік желілер мен интернет кеңістігінде түрлі ақпараттар таралады. Осындай жағдайда кәсіби журналистің міндеті – шынайы деректі анықтап, оны халыққа дәл әрі түсінікті жеткізу. Бұл үлкен жауап­кер­шілікті та­лап етеді. Мен осы жауап­кершілікті сезіне отырып, өз білімім мен қабілетімді осы салада дамытуға дайынмын.

«Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген халық даналығы әділдіктің маңызын көрсетеді. Мен болашақ журналист ретінде әрқашан әділдік пен шындықты басты құндылықтарымның бірі ретінде ұстанғым келеді. Себебі журналистің сөзі қоғамға әсер етеді, ал қоғам сенімі – ең үлкен жауапкершілік.

Мен журналист мамандығын таңдадым. Өйткені бұл мамандық менің қызығушылықтарым мен мақсаттарыма толық сәйкес келеді.

Әділет СМАҒҰЛ,

С.Толыбеков атындағы

№3 IT мектеп-лицейінің оқушысы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: