Облыс әкімі Мұрат Ергешбаев бастаған облыс делегациясы Астана қаласына жұмыс сапары барысында «Alem AI» халықаралық жасанды интеллект орталығында болды. Онда делегация мүшелері орталықтың қызметімен танысып, жасанды интеллект саласындағы заманауи технологиялар мен инновациялық жобаларды көрді. «Astana Hub» халықаралық технопаркінің бас директоры Мағжан Мәдиев орталықтың негізгі бағыттары, білім беру мен зерттеу мүмкіндіктері туралы ақпарат берді.
Кездесу барысында өңірдегі жобаларды жүзеге асыруда цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні пайдалану жайлы сөз болды. Сонымен қатар цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға, тәжірибе алмасуға қатысты мәселелер де талқыланды.
Бүгінде «Kyzylorda Hub» өңірлік технопаркі базасында инновациялық жобаларды қолдау, жергілікті ІТ-қоғамдастықты дамыту және жастардың цифрлық дағдыларын арттыруда жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Бұдан бөлек, облыс әкімі Astana Smart City жобасының Ситуациялық орталығындағы қалалық инфрақұрылымды бақылау, деректерді талдау және қала қызметтерінің жұмысын нақты уақыт режимінде үйлестіру мүмкіндіктерімен танысты.
«Ақмешіт-ақпарат»
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!