Сенбі, 13 маусым, 01:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№44 (2256)
13.06.2026
PDF мұрағаты

Әлеуметтік саланың әлеуеті жоғары

13.06.2026

36 0

Әлеуметтік салаға мемлекет тарапынан үзбей қамқорлық жасалуда. Зейнеткерлердің де денсаулығы, салауатты өмір салты, тыныс-тіршілігі қоғам назарынан тыс қалған емес. Жұмыссыздықпен де күрес нәтижесі жемісін беріп келеді. Бүгінде қиын жағдайға ұшыраған аналарға көмек қолын созу мемлекеттің басты бағдарына айналып, халық қалаулыларының тұрақты бақы­лауында.

Қалалық мәслихат төрағасы И.Құтты­қожаев, депутаттармен бірге Қызылорда қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қаралатын негізгі мәселе – «Қызылорда қаласы бойынша әлеуметтік тұрғыдан осал топтағы жандарға көмек көрсету және оларды жұмыспен қамтудың жай-күйімен» танысып, талқылау мақсатында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар мен облыстық денсау­лық сақтау басқармасы басшы­ларының орынбасарлары, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы, салаға қатысты мекеме басшылары, БАҚ өкілдерімен бірге қаланың әлеуметтік қорғау саласы нысандарын аралады.

Ең алдымен депутаттар қалалық жұ­мыспен қамту және әлеуметтік бағдар­ламалар бөлімінің жұмысымен танысты. Бөлім жергілікті деңгейде халықты жұмыс­пен қамту және мемлекеттік, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді үйлестіру бағытында 16 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Депутаттар аралау барысында осал топтағы жандарға әлеуметтік көмек көр­сету және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау бөлімшелерінің маман­дарымен, сондай-ақ қызмет алушы тұрғындармен пікірлесті.

Пікірлесу барысында депутаттар бө­лім­нің халыққа сапалы қызмет көрсету жұмыстары мен мүгедектігі бар адамдарға арналған екінші қабатқа көтерілгіш құрыл­ғысын орнату туралы ұсынысын назарға алды.

Сонымен қатар депутаттар «Мансап» орталығының ұйымдас­тыруымен өткен «Бос жұмыс орын­дары» жәрмеңкесімен танысты.

«Қызылорда қаласының Мансап ор­талығы» жыл басынан 5 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесін өткізген. Жәр­меңкеге барлығы 107 жұмыс беруші мекемелерден 1401 бос жұмыс орындары ұсынылып, 1553 адамға жолдама беріліп, 252 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Депутаттар жұмыс іздеуші жастармен, тұрғындармен сұхбат­тасып, алдағы уа­қытта «Бос жұмыс орындары» жәр­мең­кесін әлеуметтік желілер мен БАҚ-да кеңінен ақпарат­тандырып отыру қажеттігін көтерді.

Мұнан соң халық қалаулылары Қызыл­орда қалалық отбасын қолдау орталығының жұмысымен танысты.

Жыл басынан бері кеңес беру және кешенді сүйемелдеу бағыты бойынша орталық мамандарымен 1026 азаматқа жалпы саны 1058 қызмет көрсетілген. Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға уақытша тұру мүмкіндігін беру арқылы қолдау көрсетіледі. Осыған орай орталықта азаматтарды уақытша орналастыруға арналған арнайы жатын орын мен бейімделген бөлме  болуы қажеттігі назарға алынды.

Сондай-ақ орталықтың техникалық базасын нығайтып, ғимаратты күрделі жөндеу мәселесі, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардан түсетін өтініштерді қабылдайтын «111» республикалық бай­ланысы және FSM cosial бағдарламасын ақпараттандыру, олардың әлеуметтік жағ­дайын зерттеу жұмысы да маңызды екені айтылып, ұсыныс берілді.

Сонымен бірге депутаттар зейнет­кер­лерге жартылай стационарлық жағ­дайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына аялдады.

Мекеме 2009 жылдың қазан айында 10 орындық болып ашылса, 2013 жылдың мамыр айында 50 орындыққа ұлғайтылып, қазір 480-500-ге жуық ардагерге қызмет көрсетуде. Мұнда емдік бөлмелер, дәрі егу, физиотерапия, уқалау, емдік дене шы­нықтыру бөлмесі, акт залы, кітапхана бөлігі, психология бөлмесі, асхана бар.

Депутаттар орталықта қызмет алушы ардагерлермен, сала маман­дарымен кез­десіп, орталықтың қызмет аясын кеңейту, материалдық-техникалық базасын ны­ғайту, ардагерлердің қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруін қарастыру жөнін­дегі ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Депутаттардың назарына алын­ған мәсе­лелер,  ұсыныс-пікірлер шешім жоба­сына енгізіліп, қалалық мәсли­хаттың кезекті сессиясында қаралатын болады.

Г. АСҚАРҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: