Жұма, 04 қазан, 06:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№78-2088
01.10.2024
PDF мұрағаты

Ізгілікке толы қасиетті ай

02.04.2022

6381 0

Рамазан – жылына бір келетін қасиетті ай. Қайсыбір мұсылманға осынау қасиетті мезгілдегі сауап істерден қапы қалуға бол­майды. Төрткүл дүниедегі мұсылман баласы тағы бір Рамазан айын қарсы алып отыр.

– Биыл мұсылмандық ай күнтізбесі бойынша қасиетті Рамазан айы 30 күнге созылады. Сәуірдің 2-і рамазан айының бірінші күні. Осы айдың 27-нен 28-не қараған түні қасиетті Қадір түнін қарсы аламыз. 2 мамыр Ораза айт мерекесі. Алланың қалауымен он екі айдың сұлтаны, қадір-қасиеті мол мүбәрак айға жеттік. Бұл айда мүміннің ырзық-несібесі еселенеді. Қасиетті шараның барлық күнінде орталық мешітте ауыз­ашар дастарханы жайылады. Мешіттерде уағыздар үздіксіз жүргізіледі, – деді өңірлік коммуникациялар орталығында өткен баспасөз мәслихатында «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Болатбек Ұласқанұлы.

Сондай-ақ ол Рамазан кезіндегі ораза ұс­таушы адамның қадір-қасиеті мен дәрежесіне ерекше тоқталып, медицина тұрғысынан ден­саулығына тигізер пайдасын баяндады. Қасиетті күндері «Ауызашар қоржыны» қайырымдылық акциясы, «Қош келдің Рамазан!» атты рухани кеш өткізу жоспарланған.

–  Рамазан айы мейірімділік пен жақсы­лықты дәріптейтін қасиетті ай. Ораза айы басталмай тұрып Жаңақорған ауданында 100 отбасына қайырымдылық шаралары жасалды. Сонымен қатар «Рахым үшін құрбан шал» акциясы өтті. Алдағы уақытта «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық іс шарасы басталады, – деді ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Қызылорда облысы бойынша өкілі Оңталап Жидебаев.

 Ораза – жан мен тәнді рухани тазартатын үлкен сабыр мектебі. Ендеше, қасиетті айда жасалатын құлшылығымыз молынан болғай.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: