Дүйсенбі, 20 мамыр, 08:56

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№39-2049
18.05.2024
PDF мұрағаты

Депутаттыққа кандидаттарға бюджеттен қанша қаржы бөлінетіні белгілі болды

19.02.2023

778 0

Сурет: ©ЭК/Андрей ХАЛИН

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Сәбила Мұстафина үміткерлерге үгіт-насихат жұмыстарына бюджеттен қанша ақша берілетінін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Оның айтуынша, Парламент мәжілісінің депутаттығына үміткерлер 950 мың теңгеден алады. Оның 450 мың теңгесі теле және радио бағдарламаларда сөйлеуге, сондай-ақ мерзімді немесе желілік басылымдарда екі мақала жариялауға жұмасалады.

Ал сайлау алдындағы бұқаралық іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға 300 мың теңге, көлік шығындарына 200 мың теңге қарастырылған, – деді Сәбила Мұстафина.

Ал облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихаттары депутаттығына партиялық тізімнен тыс үміткерлерге шығын көлемі 550 мың теңге болып белгіленбек.

Оның 350 мың теңгесі теле және радио бағдарламаларда сөйлеуге, мерзімді немесе желілік басылымдарда екі мақала жариялауға жұмсалуы керек. Ал сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға 130 мың теңге, көлік шығындарына 70 мың теңге қарастырылған

Сондай-ақ қалалық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың мемлекет есебінен төленетін шығындарына 350 мың теңге бөлінеді. Оның ішінде теле және радио бағдарламаларда сөйлеуге — 200 мың теңге, сайлау алдындағы бұқаралық іс-шараларды өткізіп, үгіт материалдарын шығаруға — 100 мың теңге, көлік шығындарына — 50 мың теңге кетеді.

Осы тұста партиялық тізім бойынша ұсынылғандарға мұндай қаражат берілмейтінін айта кетейік.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: