Жексенбі, 05 мамыр, 13:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанның жаңа премьер-министрі тағайындалды

06.02.2024

361 0

Фото: Stan.kz

Олжас Бектенов Қазақстанның 12-премьер-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Олжас Бектенов 1980 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

2023 жылдың 3 сәуірінен бастап Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалған.
ІІ дәрежелі «Айбын» (2014) және «Даңқ» (2021) ордендерімен наградталған.

Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Әділет басқармасы бөлімінің бас маманы ретінде бастаған.

2019-2022 жылдары – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.

2022 жылдың ақпанынан 2023 жылдың сәуіріне дейін – Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып қызмет атқарған.

Еске салайық, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәжілістің жалпы отырысында премьер-Министр лауазымына Олжас Бектеновті тағайындау үшін депутаттардың келісім беруін сұрады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: