Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Отандық өнімді қолдау – басты назарда

25.12.2020

973 0

Қаламыздағы «DALATEX» компаниясы бүгінде нарыққа отандық өнімді шығарып отырған бірден-бір компания. Отандық өнім өндіруді қолға алған компания қазіргі уақытта өз өнімін шет елдерге экспорттауда. Сыр өңірінің даңқын асқақтатып жүрген тігін фабрикасының өнімдеріне деген сұраныс күннен-күнге арта түсуде.

Бүгін  «DALATEX» еңбек ұжымымен  Қызылорда қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Бейбиткул Каримова мен Дильмухаммед Абизов кездесті. Бұл кәсіпорын тігін өнеркәсібі саласындағы ірі ательелердің бірі. Үміткерлер өндіріліп жатқан өнімнің сапасын жоғары бағалады. «DALATEX»  тігін шеберханасының мамандары кәсіпорын бүгінде мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын қолдау арқылы адамдарды еңбекпен, тұрақты жалақымен қамтып отырғанын жеткізді.

Үміткерлер партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Сондай-ақ алдағы мақсаты мен міндеттеріне тоқталды.

– Партия кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасауда. Қазіргі таңда шағын және орта бизнес маңызды рөл атқарады. Отандық өнімді қолдау кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдай жасау әрдайым партия назарында болады, – деді Бейбиткул Каримова.

Тігін шеберханасының жұмысшылары үміткерлерді мұқият тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысы Қызылорда қаласының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: