Жұма, 17 мамыр, 17:04

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Қамаудағылар да дауыс берді

20.11.2022

453 0

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД № 68 мекемесінде, яғни тергеу изоляторында сайлау өтті.

Бұл жерде № 235 сайлау учаскесі орналасқан.

Бүгінгі таңда тергеу изоляторында, 165 азаматқа қатысты сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Егер сот үкімі заңды күшіне енбеген болса, сотталушының дауыс беруге құқы бар.

Таңғы сағат 7.00-ден бастап жұмыс істеп жатырмыз.

Арнайы алгоритм бар, яғни камера бойынша сотталғандарды дауыс беруге әкеледі.

Сайлау учаскесінде барлық қажетті жағдай жасалған., – дейді мекеме бастығы,әділет майоры Қ.Ильясов.

Жазасын күткендердің арасында 34 жастағы С .есімді азамат:

Қамауда отырсам да, ел ертеңі үшін дауыс бергеніме қуаныштымын. Жаңа Қазақстанның шығар биігі, алар асуы алда. Мен ел ертеңінің жарқын болатынына сенемін.

Естеріңізге салсақ, бүгін 20 қарашада Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. Бұл сайлаудың бір ерекшелігі – жеңіске жеткен президент міндетін 7 жыл атқарады.

Биылғы президент сайлауына барлығы алты кандидат ұсынылды. Олардың қатарында қоғам қайраткері Қарақат Жақсылыққызы Әбден, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаев, «Ауыл» партиясы ұсынған кандидат Жигули Дайрабаев, «Аманат» Қазақстанның кәсіподақтар ынтымақтастығы» республикалық кәсіподақтар бірлестігі атынан Мейрам Зекешұлы Қажыкен, «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынған Салтанат Тұрсынбекова мен Қасым-Жомарт Тоқаев бар.

Айта кетерлігі, Қызылорда қаласында барлығы 120 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Сайлаушылар таңғы сағат 7.00-ден бастап, кешкі сағат 20.00-ге дейін өз таңдауларын жасай алады. Өз сайлау учаскеңізді «109 бірыңғай байланыс орталығына» хабарласу арқылы, Ұялы телефон арқылы «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасынан немесе saylau.orda.gov.kz сілтемесіне кіріп, «Өзіңді сайлаушылар тізімінде тексер» деген атаумен арнайы баннерден білуіңізге болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: