Бейсенбі, 28 наурыз, 20:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан мен Өзбекстан шекараны демаркациялау мәселесіне нүкте қояды

21.11.2022

491 0

Қазақстан мен Өзбекстан екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау туралы қорытынды шарттың жобасын қол қоюға дайындады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров 14-19 қараша аралығында Ташкентте Бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясындағы қазақ-өзбек үкіметтік делегацияларының отырысы өткенін еске салды. Жиында екі ел арасындағы шекараға белгі қою мәселелері қаралған. «Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы қазақ-өзбек мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарттың жобасын, аталған шартқа қосымша шекараны демаркациялау туралы қорытынды шарттардың жобаларын қол қоюға дайындады», – деді Смадияров сыртқы істер министрлігінде өткен апта сайынғы брифингте. Сонымен қатар тараптар Бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясының жұмысы туралы қорытынды хаттамаға қол қойды.Келіссөздер достық пен өзара түсіністік сипатында өтті, деп атап өтті Қазақстан сыртқы саяси ведомствоның өкілі. Смадияровтың айтуынша, шартқа сәйкес, Қазақстанның Өзбекстанмен шекарасы демаркацияланады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: