Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қоғам қайраткері Назарбаев туралы: Ол қазақтарды кемсітіп жүрді

22.01.2024

508 0

Бұрынғы сенатор экс-президент туралы не деді? Назарбаев өзге ұлт өкілдері үшін қазақтардың мүддесін құрбан етті. Осындай пікірімен қоғам қайраткері Уәлихан Қайсаров «Не может быть/Мүмкін емес» youtube арнасына берген сұхбатында бөлісті.

Уәлихан Қайсаровтың сөзінше, егер Назарбаев Кеңес Одағының президенті болса, онда барлық қазақтарды империя мен билік үшін құрбандыққа шалатын еді.

«Кеңес Одағы құлаған кезде Алматыда бір ғана қазақ мектебі болған. Ол кезде халық саны 750 мың болған Қарағандыда бір қазақ мектебі болған. Қазақ тілі Назарбаевтың тұсында Тәуелсіз Қазақстанның тұсында әрен-әрен дамытылуда. Ол экономиканы да, қазақ ұлтын да, қазақ тілін де жойып жіберер еді. Ол менің түсінігімде қазақтарды шын жүректен жек көретін адам. Неге екенін білмеймін, бірақ ол қазақтарды жек көреді. Мүмкін оны бала кезінде ұрып-соғып, ренжіткен шығар. Бірақ ол қазақтарға зұлымдық жасады», – деді Қайсаров.

Бұрынғы сенатор Назарбаевтың 30 жыл бойы жүргізген саясатын бақылап, өзге ұлт өкілдері үшін қазақтардың мүддесін құрбан етті деген пікірге келді.

«Ол әрдайым басқа ұлттар үшін қазақтарды кемсітіп жүрді, әрдайым қазақтардың мүдделерін шеттеті, тек орыстар ештеңе ойлап қалмас үшін, немістер де, украиндар да жаман бір нәрсе ойлап қалмасын деп. Қазақстанда ол ешқашан қазақтар туралы ойлаған емес. Егер ол Кеңес Одағының басшысы болса, онда ол бүкіл қазақтарды қанғыртып жіберер еді. Елдің тас-талқанын шығарып, сатып жіберетін еді. Қазақ тілі де, шекарасы да болмас еді, Қазақстан заңнамасы да болмас еді. Тек басқалар ол туралы жаман ойламасын деп. Өзін соншалықты көрнекті етіп көрсету үшін», – деді Уәлихан Қайсаров.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: