Сенбі, 20 сәуiр, 02:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Сайлау уақыты бітуге жақын

10.01.2021

5451 0

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өз мәресіне жетуге жақын. Таңертеңнен бері сайлаушылар белсенділік танытып, таңдауын жасауға әрекет етті. Қызылорда қаласындағы кезекті №375 сайлау учаскесінде де халық үздіксіз дауыс берді.

– Қызылордалықтар саяси науқанға белсенділік танытып, өз таңдауын жасауда. 18 жастағы және қарт сайлаушыларға сыйлықтар үлестіруді де ұмытпадық. Барлық сақтық шарасы күшейтілген. Мүмкіндігі шектеулі сайлаушылар үшін инватакси, қариялар мен науқас жандар үшін жылжымалы жәшік қызмет көрсетіп жатыр. Ешқандай кемшілік кездесек жоқ, – деді №375 учаскелік сайлау комиссиясының төрайымы Жұлдыз Қалымбетова.

Қазіргі таңда аталған сайлау учаскесінде барлық партия өкілдерінен құралған 6 бақылаушы жұмыс істеуде.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: