Сенбі, 04 мамыр, 01:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды

08.06.2023

1202 0

Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда Telegam-дағы ресми арнасында хабарлады.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды», – делінген хабарламада. Тамара Дүйсенова Оңтүстік Қазақстан облысында (қазіргі Түркістан облысы) дүниеге келген. 1987 жылы Ташкент халық шаруашылығы институтын бітірген, мамандығы – инженер – экономист. Экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1988 жылы институтты аяқтағаннан кейін Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданындағы орта мектепте информатика пәнінің мұғалімі болып бастаған. Әр жылдары ОҚО Сарыағаш аудандық әкімшілігінің аға экономисі, «Перизат-холдинг» компаниясының бөлім басшысы, Сарыағаш ауданы әкімінің кеңесшісі, орынбасары, бірінші орынбасары болған. Сонымен қатар ол Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан облысы) облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, Қазақстан президентінің штаттан тыс кеңесшісі сынды түрлі лауазымды қызметтерді атқарған.

Айта кетейік, Тамара Дүйсенова еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін бірнеше рет басқарды.

Бұл қызметке ол алғаш рет 2013 жылғы маусымда тағайындалып, 2014 жылғы тамызға дейін қызмет етті.

2017-2018 жылдары қайтадан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.

2022 жылғы сәуірде Тамара Дүйсенова тағы да Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.

2023 жылғы сәуірде ол осы лауазымға қайта тағайындалды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: