Сенбі, 27 сәуiр, 11:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

20 наурыз – Ұлттық спорт күні

20.03.2024

1900 0

Сурет:өңірлік коммуникациялар қызметі

«Наурызнама» онкүндігіне сәйкес 20 наурыз – Ұлттық спорт күні. Дәстүрлі құндылықтарымыздың бірі және бірегейі – Ұлттық спорт ойындары. Көшпелі қазақ халқының дәстүрлі ұлттық спорт түрлерінің қоржынында 150-ге жуық ойындар бар.

Бүгін атаулы күнге орай, Қармақшы ауданында «Ұлттық ойын – халық мұрасы» атты ұлттық ойындар сайысы өткізіліп, қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтары насихатталды. Ұлттық ойындар сайысын аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов ашып, жастардың бос уақытын тиімді пайдаланып, топтық төбелеске жол бермей, спортпен ұдайы шұғылдануға шақырды.
Сондай-ақ, аудандағы бұқаралық спорттың дамуына үлес қосып жүрген жаттықтырушылар мен жас спортшыларды аудан басшысының алғысымен марапаттады.

Жас спортшылар күрес, гір тасын көтеру, асық ату, арқан тартыс және тоғызқұмалақ ойындары арқылы жарысып, бәсекеге түсті. Қазақтың ұлттық спорты – рух пен намысты қайрап, бойдағы қуатты шыңдайды.

Ұлттық спортты ұлықтауға арналған бұл күн спортшылар мен қарапайым халық арасында мереке салтанатын ерекше сезінуге септігін тигізді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: