Жексенбі, 28 сәуiр, 08:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Әке – асқар тау» атты волейболдан турнир өтті

11.05.2023

1094 0

№285 мамандандырылған мектеп-лицей интернатында 27 сәуір күні Салауатты өмір салтын ұстану, ата-ана мен мектеп байланысын нығайту мақсатында «Әкелер академиясы» жобасы аясында «Әке – асқар тау» атты волейбол спорт түрінен сайыс ұйымдастырылды.

Жобаның мақсаты – білім алушылардың отбасылық және әлеуметтік құндылықтары мен құзыреттерін қалыптастыруда отбасы, мектеп, әлеуметтік серіктестердің өзара ынтымақтастығын орнатуға жағдай жасау, балалар тәрбиесінде отбасы рөлін көтеру.Мектеп-лицей-интернат директоры Б.Ә.Абдуллаева жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп жобаның маңызы зор екенін айтып өтті.

Сайысқа 4 команда қатысып, ойын қызықты, тартысты өтуіне ат салысты.
Турнир соңында «Әкелер академиясы» жобасы аясында ұйымдастырылған волейбол сайысында
I орынды 7 «А» сыныптың «Қыран» әкелер командасы,
II орынды 8«А» сыныптың «Көк бөрі» әкелер командасы,
III орынды 7 «Ә» сыныптың «Тұлпар» әкелер командасы иеленді,
Алғыс хатпен 8 «Ә» сыныптың «Достық» командасы марапатталды және сайыста ерекше ойын тактикасымен көзге түскен Баймахан Бауыржан «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: