Дүйсенбі, 13 мамыр, 05:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Аламанда кімнің аты озды?

25.04.2023

1043 0

Облыста бәйгеден ҚР чемпионатының оңтүстік аймақтық ІІ іріктеу турнирі ұйымдастырылды. Жарыстың ашылуына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов және «Бәйге» федерациясының президенті Қанат Көпбаев   қатысты.

Шарада сөз алған облыс басшысы жүйрік жаратып, ат баптау  ұлтымыздың рухани болмы­сына, әдет-ғұрып мәдениеті мен өнер­дің тұтас бір бөлігіне айналғанын атап өтті.

– Соңғы жылдары аймақта ұлт­тық спорт түрлері бұқаралық сипат алуда. Бүгінде облыста 16 мыңнан астам адам ұлттық спортпен шұғыл­данады. Спортшыларымыз өткен жылы ел чемпионаты мен кубок­тарында, Әлем және Азия чем­пионаты мен кубоктарында жеңіп алған медаль санымен соңғы бес жылдықтағы рекордты жаңартты. Бүгінгі республикалық бәйге жарысы да  Сыр өңірінің мерейін асырып, ұлт­тық спорттың өркендеуіне жаңа серпін береді деп сенемін. Төзім мен жігер, қайрат пен мінез сынға түскен бәйгеде тұлпарлардың тұяғы талмасын. Шабандоздардың тақымы тастай болсын! – деді облыс әкімі.

Салтанатты шарада ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов ұлттық спорттың   өркендеп, дамуы Мемлекет басшысының тікелей бақылауында екенін жеткізді. Ол өз сөзінде осы жылдан бастап көкпар ойындары футбол тәрізді лига форматында өткізілетінін жеткізді. Келер жылы елімізде V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтпек. Бүгінгі бәйге жарысы алдағы әлемдік ойынға дайындықтың бастауы болмақ.

Ат жарысы – халқымызда ықылым за­маннан келе жатқан дәстүр. Ат баптап, оны аламан бәйгеге қосу жат дүние емес. Осылай деген «Бәйге» федерациясының президенті Қанат Көпбаев жарыста бақ пен бап сынаған азаматтарға сәттілік тіледі.

Аламан бәйгеде озып шыққан астаналық Алғыр есімді тұлпар бас жүлдені жеңіп, автокөлікке ие болды. Ал жүлделі орындарға ие болған шабандоздарға ақшалай сыйлық табысталды.

Айдана САЙДУЛЛА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: