Сенбі, 18 мамыр, 05:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Арман Әшімов UFC төрінде жұдырықтасады

06.04.2023

1241 0

Тағы бір қазақстандық спортшы UFC төрінде жұдырықтасуы мүмкін.  Аралас жекпе-жектегі ең беделді промоушен қазақстандық Арман Әшімовті өзінің ресми сайтына орналастырған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы Vesti.kz сайты жазды. Дерекке сүйенсек, қазақстандық спортшының аты-жөні UFC ресми сайтында 4-ші сәуір күні тіркелген. 

Десе де бұл мәліметке байланысты спортшы да, оның менеджері Саят Әбдірахмановта әзірге жақ ашпады. Әрі нақты келісімшартқа отырғаны туралы хабарлама таратпады. 

Фото: vesti.kz

Еске салайық, Арман Әшімовке бұған дейін 2 мәрте UFC-де жұдырықтасу мүмкіндігі берілген. Алғашқысы 2020 жылы. Бірақ ол кезде пандемияға байланысты спортшы АҚШ-қа визасын уақытында ала алмады. Екінші рет Суингапурде жекпе-жекке шығуы керек еді. Ол жолы қарсыласы октогонға шығудан бас тартты. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: