Сенбі, 27 сәуiр, 09:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Баскетболдан ашық біріншілік өтті

14.12.2021

1630 0

Жуырда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай баскетболдан Қызылорда қаласы әкімінің кубогіне арналған ашық біріншіліктің марапаттау шарасы өтті.

Жасөспірімдер арасында өткен бірін­шілікке Қызыл­орда қаласы мен аудандардан және Ақтөбе облысынан 240-қа жуық спортшы, 24 команда қатысты. Екі күнге созылған баскетбол бәсекесінде жеңіске жеткен командаларды Сыр елінің мақтанышы Илья Ильин құттықтап, алдағы додаларда сәттілік тіледі. Марапаттау рәсімінде қала әкімінің орын­басары Бектас Нұридинов те командаларды жеңісімен құттықтап, лебізін білдірді.

– Бүгінде спорт –  кез келген елдің халықара­лық дәрежедегі имиджін қалыптастыратын са­ланың бірі. Әлемдік жарыс­тарда жеңіске жеткен елдің әнұраны орындалып, туы көкке көтерілуі де спорттың маңыздылығын айқындай тү­­седі. Бүгінгі жарыстың бар­­лық жеңімпаздары мен жүл­­дегерлерін жарқын жеңіс­терімен құт­тықтаймын, – деді қала әкімінің орынбасары Бектас Балғабайұлы.

Жеңімпаз командаларға Қызылорда қаласы әкімінің кубогі және медальдар мен дипломдар табысталып, үздік ойыншылар номинациялармен, бағалы сыйлықтармен марапат­талды.

К.АҚТАН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: