Сенбі, 27 сәуiр, 01:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Біздің боксшылар қазақтардан мықты – Өзбекстанның Олимпиада чемпионы мәлімдеме жасады

03.02.2023

599 0

Токио Олимпиадасының чемпионы Баходир Жалолов Өзбекстанның БАҚ-тарына берген сұхбатында Қазақстан мен Өзбекстан боксын салыстырып, қай елдің шаршы алаңда мықты екенін айтты.  Бұл туралы Halyq uni ақпарат агенттігі жазды.

Боксшы таяуда Таиландта өткен 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты Өзбекстанның жеке жарысына айналғанын атап өтті.

Азия чемпионатында біздің елдің боксшылары 10 салмақ дәрежесінде болған айқастарда 9 алтын медальді жеңіп алды. Мұндай жағдай тарихта бұрын-соңды болмаған. Рас, былтыр әлем чемпионатында Қазақстан бізден көбірек жүлде алды. Онда боксшы әйелдердің нәтижелері де есепке алынды. Осы тұрғыдан алғанда олар бізден алда болды. Ал әйелдерді есептемегенде біз, әрине, ірі жарыстарда Қазақстанның алдын орап келеміз. Біздің бокс қазақ боксынанмықты, –  деді ол.

Сонымен бірге, ол қазақ пен өзбек боксында спорттың басқа түрлеріндегі сияқты бұрыннан бәсеке болып келе жатқанын, Өзбекстанның әуесқой бокстан әлем үздігі саналатынын атап өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: