Сенбі, 04 мамыр, 10:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына 5 қазақ боксшысы шықты

11.05.2023

828 0

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына Қазақстан құрамасынан 5 боксшы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

½ кезеңге жолдама алған боксшылар жөнінен ел құрамасы төртінші орында тұр. Көш басында 9 боксшысы жартылай финалға шыққан Өзбекстан құрамасы орналасқан. Одан кейінгі орындардағы Куба мен Ресейдің еншісінде 6 спортшыдан бар.

Ал Грузия, Үндістан, Франция және Испания 3 боксшыға үміт артса, Армения, Моңғолия, Бразилия және Әзербайжан екі, Қырғызстан, Иордания, Тәжікстан, Қытай, Мексика және Италия бір-бір спортшысын бәсекеге қосады.

Қазақстандық боксшылардың жартылай финалдағы қарсыластары

Ел құрамасынан шаршы алаңға бірінші болып шығатын Санжар Тәшкенбай (48 келі) таиландтық Вуттичай Юрачаймен қолғап түйістіреді. Қарсыласы 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

Ал Махмуд Сабырхан (54 келі) финалға берілетін жолдаманы кубалық Йосвани Вейтимен сарапқа салады. Кубалық спортшы 2017 жылы әлем чемпионы болса, 2015 жылы – күміс, 2013 жылы қола алды.

Сондай-ақ Дулат Бекбауов (67 келі) 2021 жылы әлем чемпионатында «қола» алған грузин Лаша Гурулимен жұдырықтасады.

Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов (71 келі) үндістандық Нишант Девомен кездессе, Нұрбек Оралбай (80 келі) 2020 жылғы Олимпиадада қола алған ресейлік Имам Хатаевпен шаршы алаңға шығады.

Жартылай финал ойындары 12 мамырда өтсе, финал 13 және 14 мамыр күндеріне белгіленген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: