Сенбі, 04 мамыр, 09:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Былғары қолғап бәсекесі

10.04.2022

1300 0

Жуырда «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінде жо­ғары оқу орындары, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында өткен бокстан облыстық ашық біріншілік аяқталды.

Төртінші мәрте ұйымдастырылған облыстық біріншіліктің жеңімпаздарын марапаттау салтанатына облыстық білім бас­қармасының басшысы А.Қасымова, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ж.Тәжмаханов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Б.Кәрімова, қалалық мәслихат хатшысы И.Құттықожаев және бокстан Сыр елінің мақтаныштары, кәсіпқой боксерлар Қамшыбек Қоңқабаев пен Тұрсынбай Құлахмет қатысты. 

Тартысқа толы додаға облыс бойынша білім беру ұйымдарынан 16 кг салмақ дәрежесінде ерлер мен қыздардан құралған 16 команда, 122 білім алушы қатысты.

Шара қорытындысымен жалпы командалық есеп бойынша Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жеңіске жетіп, 29 медаль еншіледі, Жалаңтөс Баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат командасы ІІ орын, Болашақ университетінің командасы ІІІ орын иеленді.

Барша жүлдегерлер мен жеңімпаздарға ұйым­дастырушылар тарапынан дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

А.БАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: