Сәрсенбі, 08 мамыр, 19:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Еңбегі ұрпаққа өнеге

15.02.2024

2753 0

Жуырда Қызылорда магистральды желі бөлімшесінің теміржолшы жастарының ұйымдастыруымен «Еңбегі ұрпаққа өнеге. Сіз, біз үшін қымбаттысыз!» ұстанымымен пайғамбар жасына жеткен ұжым директоры, құрметті теміржолшы, Қызылорда қалалық маслихатының депутаты Ибраким Басықараевтың өнегелі еңбегін үлгі етіп, құрметтепсалауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Сейхун» сауықтыру кешенінде волейбол турнирі өтті.

Теміржолшының еңбегін ұрпаққа өнеге ету, ұжымдастар арасында салауатты өмір салтын ұстанып бұқаралық спортты насихаттау үшін ұжым жастары мен бөлімше кәсіби одағының ұйымдастырған спорт сайысында Қызылорда магистральды желі бөлімшесінің директорыИбраким Асқарұлы, директор орынбасарларыҒалымжан Исағалиұлы мен Нұрлан Бимұратов, «Қазкөліккәсіп»ҚБ филиалы төрағасы Бауыржан Ахметов, бас инженер Берік Бекжанов,персонал жөніндегі менеджер Салтанат Махмутова, спорт секторы Бақытжан Имбергеновтер жарысқа қатысушыларға сәттілік білдірді.

-Ибраким Асқарұлының зейнет жасына толуына орайластырылған жарысты жастардың бастамасымен ұйымдастыруы ұжымның ауызбіршілігін, олардың басшыға құрметін айқындап, алдыңғы буын теміржолшыларға жасаған сыйластығынбілдіре білген жастарға алғыс айтамыз.Жастарымыз осы салада жұмыс жасап жүргеніктен, кез-келгенінің Ибраким Асқарұлыныңжүріпөткенжолындай өнегелі із қалдырып, аймақ теміржолын өркендетіп, абыройын асқақтатады деген сенім білдіріп, бүгінгі жарысқа қатысушы әріптестеріме сәттілік тілеймін,-дедіҚызылорда магистральды желі бөлімшесінің директорының орынбасары Ғалымжан Исағалиұлы.

Екі топқа бөлініпбір мен екі, үш пен төртінші құрама командалар арасында айқыш тәсілімен өткізілген турнирде Қызылорда қалпына келтіру пойызының «ВП-41» құрамасы,Қызылорда магистральды желі бөлімінің жеке шаруашылығы ұжымының қос командасы «НЖС-2»мен«НЖС-1»және Қызылорда өрт сөндіру пойызының «Норпож» құрамалары арасында жүлделі орындардың бәсекесі тартысты өтті.Жарыс нәтижесінде Қызылорда қалпына келтіру пойызының «ВП-41» құрамасы жүлделі 3-орын, Қызылорда магистральды желі бөлімінің «НЖС-2» командасы 2-орынды иеленсе, турнирдің басты сыйлығы мен жүлдесін Қызылорда магистральды желі бөлімінің жеке шаруашылығы ұжымының «НЖС-1» құрама командасы қанжығалады. Ойынның үздік қорғаушысы М.Ермашов, үздік шабуылшы Ш.Батырханұлы, үздік ойыншы А. Шәкірбек деп танылып арнайы жүлделерге ие болды.

Аймақ теміржолының өркендеуіне сүбелі үлес қосқан майталман теміржолшының құрметіне орайластырылған спорт додасының соңында жастар осындай спорт турнирлерінің жыл сайын дәстүрлі өткізуді қолға алынса деген ұсыныстарын айтты.

-Жастар ынтымақтасып осындай спорт жарысын ұйымдастыра білдік. Сіздің аймақ теміржолын өркендетудегі орныңыз ерекше, еңбегіңіз ұрпаққа өнеге. Сіз, біз үшін қымбаттысыз,біз сіздей теміржолшымен бір ұжымда әріптес болып жұмыс жасағанымызға мақтанамыз және де сіздің атыңыз жазылған символикалық белгіні біздің НЖС ұжымының атынантапсырып, жастардың алғысын білдіремін деді,-«НЖС-1» құрамасының ойыншысы Еркебұлан Сүлейменов.

Спорт додасының жүлдегерлеріне естелік сыйлықтар мен диплом, кубоктарды қжымның кәсіподақ ұйымы тапсырды. Ал, Ибраким Асқарұлы өз атынан қаржылай және естеліксыйлықберді.

-Әр уақытта биіктен көрініңіздер, менің шәкіртім, әріптесім ретінде бәріңіздің орныңыз ерекше, құрметті. Менің еңбегімді елеп, бағалап осындай бұхаралық іс шара ұйымдастырған сіздерге алғыс білдіремін. Және де елімізде 1899 жылдан құрылысы бастау алатын теміржол саласының осы күнге дейінгі жолы баяндалған Ө.Әбдірамманың «Қазақтың ұлы дала төсіне жүргізілген тарихи шойын жолдарға қатысты мұрағаттық деректер» кітабын сыйлық ретінде ұсынамын,-деп жарысқа қатысушыларға, ұйымдастырушыларға алғысын білдірді Ибраким Асқарұлы.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: