Сенбі, 27 сәуiр, 06:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Футболдан ӘЧ-2022: Қазақстан құрамасының бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

04.09.2021

1268 0

Бүгін, 4 қыркүйекте футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында төртінші ойынын сырт алаңда Финляндияға қарсы өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ойын елорда уақытымен 19:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Өткен турда Қазақстан елордада Украинамен 2:2 есебімен тең түссе, Финляндия сол күні жолдастық кездесуде Уэльспен 0:0 есебіне қанағат білдірді.

Айта кетсек, бұған дейін екі құрама үш мәрте шеберлік байқасты. 2006 жылы Кипрде өткен халықаралық турнирде екі құрама негізгі кезеңде 0:0 есебімен тең ойнап, пенальтиде қазақстандық футболшылар 3:1 есебімен жеңіп кетті.

Одан кейін құрамалар 2008 жылғы іріктеу кезеңінде жолықты. Қазақстан аталған қарсыласына өз алаңында 0:2 есебімен жол берсе, сырт алаңда 1:2 есебімен есе жіберді.

Айта кетейік, қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары – Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия.

Сондай-ақ, бүгін аталған топта Украина мен Франция құрамасы шеберлік байқасады. Бұл топта төрт ойыннан кейін 8 ұпай жинаған Франция көш басында келеді.

Қазақстан үш ойыннан кейін 2 ұпаймен бесінші орында тұр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: