Бейсенбі, 02 мамыр, 13:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Хәлің қалай, Сыр велоспорты?

19.08.2023

1313 0

Велоспорт ‒ бүкіл әлем қызығатын спорттың бірі. Велошабандоздар үшін әлемде көптеген сайыс бар. Спорттың бұл түрі тіпті олимпиадаға енген. Қазақстан бұл тұрғыда Винокуровтай мықтысымен мақтана алады.

BASSPORT дерегінше Қазақстанда 20 велоспорт мектебі бар. Спорт мектебінен суырылып шыққан спорт­шылар 2022 жылы Азия чемпионатында өз өнерлерін көрсетіп, туымызды биік тұғырдан көрсетті. Ал сол жылдың 20-23 қазан аралығында Францияның Сен-Кантен-ан-Ивелин қаласында паравелоспорттан әлем чемпионаты өтті. Қазақстандық пара спортшылар керемет нәтиже көрсетті.

«Велоспорттын жақсы жағы да,  жаман жағы да бар. Жақсы жағы денсаулыққа пайдалы, себебі қазір мопед электронды сомакат сынды көлік құралдары көбейіп жатыр. Оған қарағанда велосипед адам ағзасына бұлшық етіне пайдалы. Жаман жағы адам өміріне қауіпті десем қателеспеспін. Кейбір велосипедшінің көлік жолында жүргенін байқағанмын. Көбі жүргінші жолдан велосипедті теуіп өте салады. Менің ойымша ол дұрыс емес. Адам барынша сақтық шарасын ұстанғаны дұрыс деп ой­лаймын,» ‒ деді қала тұрғыны Айпатша Әбуталипова. 

Жалпы аймақта велоспорт мектебі 1961 жылдан бастап өркендеп келе жатыр. Ал 1964 жылдан бастап жас­тар спорт мектебі құрылды. Сыр велоспортшыларының жеткен жетістігі аз емес. 1984 жылы Канн қаласында Францияда жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионында Сергей Капустин жеңімпаз атанса, 1985 жылы Лейпциг қаласында Германияда өткен әлем чемпионатында Сергей Капустин күміс жүлдені қанжығасына байлады. Облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Марат Сатыбалдиев та 1989 жылы Францияның Леон қаласында бағын сынап, ересектер арасындағы әлем чемпионы болды.

«Мен қаламызда велоспортшы­ларды жоқ деп ойламаймын. Себебі әр күн көлікпен жүрген кезде жейдесінде Қазақстанның туы бейнеленген спорт­шыларды көремін. Сондай әсерлі шыныққанын көріп, жаттығуларын бұзбайын деп көлігіммен айналып өтемін. Жалпы велосипед деген жақсы ғой. Ондай қымбат тұрмайды. Бензин сұрамайды тек аяғыңда сәл күш болса сол жетеді. Тек спортшылардың анда-санда жолға кедергі жасайтыны бол­маса, өзім велоспортты қолдаймын»: дейді велоспорт маманы Ернар Уразаев

2001 жылы қаламыздың туризм және спорт бөлімінің жанынан велоспорттан балалар-жасөспірімдер спорт мектебі ашылды. Атқарылған жұмыс аз емес. Тынымсыз жаттығулар нәтижесін берген.

«Спортшылардың жоғары нәтиже көрсеткенінің арқасында білім бас­қармасының қарамағындағы  маман­дандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі құрылды. Қазіргі кезде де біздің бағындырған шыңдарымыз жоқ емес. 2022 жылы клуб спорт­шылары Аслан Силықбек, Алина Саркулова және Анжела Соловьева Азия чемпионатында 3 алтын медаль жеңіп алды. Ал 2023 жылы «Велосипед спорт түрлері бойынша кәсіпқой спорт клубының спортшылары Азия чемпионатында 2 күміс және Қазақстан республикасының чемпионатында 13 алтын, 13 күміс, 20 қола медаль еншіледі. Қазіргі таңда клубымызда 200 спортшы мен 6 жаттықтырушы жұмыс жасауда», ‒ деді «Жетес» велоспорт директоры Жетес Сүлейменов

Мамандардың айтуынша, вело­сипед айдаудың пайдасы көп.  Вело­сипедпен серуен көңіліңізді көтеріп, күні бойы сергек жүруіңізге кепіл болады. Ол ол ма, артық салмақты тастауға жақсы. Велосипед тебу жүрек-қан тамыр жүйесін жақсартады. Ал егер велоспорт күнделікті әдетіңізге айналса, жалпы денсаулығыңыз жақсы болады.  Зерттеулер көрсеткендей, ве­ло­сипедпен әуестенетіндердің орта жасы басқалармен салыстырғанда 5 жасқа ұзақ екен. 

Дос ТАБЫЛДЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: