Жұма, 19 сәуiр, 12:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Келелі кездесу

13.12.2021

1017 0

Жақында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жағыпар Тажмаханов басқармаға қарасты Жалаңтөс Баһадүр Сейтқұлұлы атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің оқушы-спортшыларына Тәуелсіздік тақырыбында дәріс оқып, мерекемен құттықтады.

Кездесу барысында Тәуелсіздік жыл­дарын­дағы елдегі оң өзгерістер, жаңа­шылдықтар, спорт әлемінде еліміздің, оның ішінде облысымыздың жетістіктері жайында сөз қозғалды.

– Тәуелсіз елде туған сіздер бақытты­сыздар, сіздерге бүгінгі таңда ел үшін де, жер үшін де күресіп қажеті жоқ, сіздердің басты мін­деттеріңіз осы ашық аспан астында өмір сүріп, өз білімдеріңізді жетілдіру, білік­тілік­­теріңізді шыңдау ғана. Алдымен білім, тәрбие сосын спорттағы жетістік. Осы үшеуі түгел болғанда ғана сіздер өз елдеріңізге пайда тигізіп қана қоймай, әлем­ге өздеріңізді мойындатасыздар. Жалпы Тәуелсіздік дәуірінде өмірге келген балалар өздерінің ынтасымен, ізденімпаздығымен, заманауи білімді тез игеріп әкету қасиетімен ерекшеленеді. Болашағымыз еңбекқор, жеңіс­ке құмар жас-жеткіншектердің қолында екенін ескерсек, ертеңгі күніміз жарқын болмақ, – деді Ж.Тажмаханов.

Кездесу барысында білікті жаттықты­рушылар мен жетістікке жетіп, жоғары нәтиже көрсетіп жүрген бірқатар спортшыларға спорттық атақ пен алғыс хаттар табысталды. Оның ішінде жақында ғана Ливан елінің Бейрут қаласында дзюдодан өткен Азия чемпионатынан қос күміс иеленген Құндыз Жылқыбай мен Акбар Алтай да бар. Шара соңында Жағыпар Айтбайұлы оқытушы-жаттықтырушылардың болашақ ұрпақ тәр­биелеудегі рөлі зор екенін айта келіп, колледж кітапханасына «Қазақ бапкерлері» атты туындыны сыйға тартты.

А.БАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: