Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай, қалалық қоғамдық даму бөлімі мен Qosyl жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 5547 әскери бөлімінің сарбаздары арасында «Мен өз Отанымның патриотымын!» атты әскери сайыс өтті.
Отан алдындағы борышын өтеп жүрген сарбаздар, келісімді әскери қызметшілер мен командирлік құрам аталмыш шараға қатысып, 5 сайыс түрінен сынға түсті.
Сарбаздар алғашқы кезекте патриоттық әндерді саптық орындаудан бастап, топтық және жекелей күштік тапсырмаларды орындады.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар әскери қызмет барысында қажетті құралдар және алғыстарға ие болды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!