Бейсенбі, 02 мамыр, 11:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында спартакиада өтті

13.10.2023

3144 0

          Жуырда Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша, Қазақстанда қазан айының екінші жексенбісі «Мүгедектігі бар адамдар күніне» орай облыстық спартакиа ұйымдастырылды. Шара Талсуат елді мекеніндегі «Мүгедектерге арналған оңалту орталығында» өтті.

          Мерекелік шарада Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамының төрағасы Сағатбек Сиюов Қуанышбекұлы сөз сөйледі.

          – Спартакиада  барысында  спартакиадаға қатысушылардың денсаулығында ақау болғанына қарамастан, спорттық сынақтар мен дерттерін жеңіп, олар үшін мүмкін емес ештеңе жоқ екенін дәлелдеп, нағыз күрескер екенін көрсетті, – деді Сағатбек Сиюов

          Іс-шараның басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі адамдарға әлеуметтік көмек көрсетуден бөлек, оларды түрлі шараларға қатыстыру. Мәселен қоғамдық ортаға бейімдеу, белсенділіктерін арттыру, спорттық пен мәдени және қоғамдық іс-шараларға қатыстыру.

Жалпы мемлекеттік саясаттың басты бағыты мен міндетінің бірі мүмкіндігі шектеулі адамдарды әлеуметтік қолдау және олардың өмір сүру сапасын арттыру  болып табылады.

Аталған шараға 70- тен аса мүмкіндігі шектеулі жандар спартакиада спортына қатысты.  Онда спорттың дартс пен допты нысанаға салу және шеңберді нысанаға салудан сайысқа түсті.

Жеңімпаздарға арнайы диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Н.АЛТЫН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: