Бейсенбі, 23 қыркүйек, 14:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№77 (1777)
21.09.2021
PDF мұрағаты

Облыс әкімі «Қайсар» футбол клубының жаңа құрамымен танысты

12.03.2021

5844 0

Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Қайсар» футбол командасының құрамымен танысып, ойыншыларға жаңа маусымда киіп шығатын жейделерін табыстады.

– Баршаңызды жаңа футбол маусымының ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Спорт – әлемнің елшісі болса, футбол – миллиондаған жанкүйерлердің сүйікті спорты.  Футбол спорты жақсы дамыған Еуропа төрінде өнер көрсету – кез-келген команда үшін үлкен жетістік. Былтырғы жылы туған жеріміздің мерейін асырған командамыздың ел ішіндегі және сырт алаңдағы жеңісті ойындары рухымызды көтеріп, жанкүйер қауымды ерекше қуантты. Осы мерейлі сәтті пайдаланып, барлық бапкерлер құрамына, футболшыларымызға жанкүйерлер атынан алғысымды айтқым келеді. Биылғы маусымда «Қайсар» командасы жеңісті жолды жалғастырып, жүлдегерлер қатарынан көрінеді деп сенеміз, – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.

Мұнан соң алғаш рет «Қайсар» футбол клубына арналған «Алға, Қайсар» атты әнді Жарасхан Төлебай орындады.

Тарихы «Автомобилистен» басталып,Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында «Қайсар» атауына ие болған облыстың бас командасының ел футболы тарихында алатын өзіндік орны бар. 1991-жылдан бері «Қайсар» командасы 2 мәрте Қазақстан кубогының, 5 мәрте бірінші лига ойындарының жеңімпазы болса, 1999 жылы Азия кубогына қатысып, 2020 жылы тұңғыш рет Еуропа  лигасында ойнады. Жарты ғасырдан аса тарихы бар «Қайсар» футбол командасына биыл жерлесіміз Сұлтан Әбілдаев бас бапкер болып тағайындалды. 

Команданың бас бапкері Сұлтан Әбілдаев аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықоваға клуб атынан естелікке 12 нөмірлі жейдесі табыстады. Шара соңында облыс әкімі клуб ойыншыларымен естелік суретке түсті.

Айта кетейік, 14 наурыз күні Қазақстан Премьер лигасының бірінші ойынында Орталық стадионында қайсарлықтар «Тараз» командасын қабылдайды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: