Сәрсенбі, 08 мамыр, 20:23

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№36 – 2046
07.05.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандық спортшы Олимпиада чемпионы атанды

20.01.2024

3311 0

Сурет: massaget.kz

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында жалауын желбіреткен жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындары Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталды. Жарыстың алғашқы күні қоржынымызға тарихи алтын медаль түсті деп хабарлайды massaget.kz.

Шаңғымен тұғырдан секіру сайысында 38 спортшымен сынға түскен Илья Мизерных чемпион атанды. Ол 214 ұпаймен қарсыластарынан озып шықты. 

Күміс медальды Австрия елінің спортшысы Ники Хамл (210,7 ұпай) иеленсе, қола медаль поляк Лукаш Лукащукқа (209,7) бұйырды. 

Илья Қазақстан құрамасына тарихи алтын сыйлады. Бұған дейін отандастарымыз жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындарында алтын алмаған. Бұған дейінгі үш Олимпиадада 1 күміс, 4 қола медаль еншілеген. 

Илья Мизерных 2007 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Шаңғымен тұғырдан секіру спорты бойынша ҚР спорт шеьері. 2023 жылы «Азия балалары ойындары» жарысында топ жарған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: