Дүйсенбі, 13 мамыр, 22:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
37-2047
11.05.2024
PDF мұрағаты

Қызылордада қазақ күресінен «Алтын белбеу» жарысы өтті

30.05.2022

1289 0

«Евразия» спорт кешенінде қазақ күресінен XIІI облыстық «Алтын белбеу» сайысы өтті.

Өңіріміздің барлық аймағынан құралған 9 командадан 200-ден аса ең мықты балуандар өзара белдесті.

Ауыр салмақта өнер көрсететін түйе палуандар сайысына қатысқан 16 спортшының арасынан 1 орын «Сыр барысы» – Мақсат Исақабыловқа бұйырды. 2-орынды «Сыр арланы» Нұрым Сәлімгереев жеңіп алды. 3-орынды «Сыр сұңқары» – Жұмахан Сағыныш иемденді.

Сонымен, «Алтын белбеу» белдігінің иегері Қызылордалық Мақсат Исағабылов атанды.

1 және 2-орын алған балуандар 3 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жүлдесі үшін өтетін «Қазақстан Барысы» республикалық турниріне жолдама алды. Қос спортшы «Астана күні» мерекесі қарсаңында ел астанасында облыс намысын қорғайтын болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: