Бейсенбі, 25 сәуiр, 18:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Роналду «Реалға» оралуы мүмкін

06.05.2022

1765 0

«Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Криштиану Роналду «Реалға» оралуы мүмкін. Бұл туралы Чемпионат жазды.

«Реал Мадрид» Роналдудың қайтып оралуына қызығушылық танытып жатыр. Бұған дейін португалиялық  мадридтік клубқа оралуға қарсы емес екені хабарланған болатын.

Роналду 2021 жылдың тамызынан бастап «Манчестер Юнайтедтің» намысын қорғап келеді. Оның клубпен келісімшарты 2023 жылға дейін. Сондай-ақ келісімшартты тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі бар.

Ағылшын Премьер-Лигасының (АПЛ) осы маусымында португал футболшысы 28 матчқа қатысып, 17 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Роналду «Реал Мадрид» сапында 2009-2018 жылдар аралығында ойнаған. Королдіктер сапында ол 15 жүлде иеленді. Реал құрамында ол төрт «Алтын доптың» иегері атанды.

Vesti.kz сайтының мәліметінше, Роналду Премьер-лигада ең көп жалақы алатын ойыншы. Ол сонымен қатар Испания Ла Лигасы мен Премьер-Лигада 100-ден астам гол соққан тарихтағы алғашқы ойыншы атанған. Сонымен қатар, ол өз мансабындағы 60-шы хет-трикін жасады. Бұл қазіргі ойыншылар арасындағы рекорд саналады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: