Кеше Қызылорда облысының 85 жылдығы мен Қала күні мерекесі аясында қала әкімінің жүлдесіне арналған стритболдан республикалық турнирдің ашылу рәсімі өтті.
Турнирді ашып берген қалалық мәдениет және спорт бөлімінің басшысы Жағыпар Тажмаханов командаларға сәттілік тілеп, жыл өткен сайын байрақты бәсекенің ауқымы кеңейіп келе жатқанын тілге тиек етті.Қызылорда төрінде үшінші мәрте байрағын көтеріп, дәстүрлі сипат алған дүбірлі додаға Өзбекстан Республикасы Ташкент қаласынан және Астана, Алматы, Тараз, Шымкент қалаларынан және облысымыздың барлық аймағынан 40 команда, 200-ге жуық спортшы қатысуда.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!