Бейсенбі, 02 мамыр, 07:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Интеллектуалды және ұлттық спорт ойындарынан байқау өтті

06.09.2023

2575 0

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай №198 орта мектебінде қаладағы этнос жастары мен оқушылары арасында интеллектуалды және ұлттық спорт ойындарынан байқау өтті. «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы аясында Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының және №198 орта мектебінің  ұйымдастыруымен өткен шараға 8-10 сынып оқушылары белсене қатысты.

Этнос топтарының жастары арасында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, ұлттық мұра – ұлттық ойын түрлерін насихаттауды көздеген байқау 5 кезеңнен құралды.

Әділ қазылар алқасы құрамында Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Дәулет Омаров, мекеменің бөлім басшысы Шахизат Абдраманова және «Ассамблея жастар» ұйымының жетекшісі Елизавета Есмаева болды.

Бірінші кезең «Білгенге маржан» деп аталды. Онда қатысушылар тіл, Отан, патриотизм, салт-дәстүр, логикалық сұрақтарға жауап берді. Екінші кезеңде мақал-мәтелдерді жалғастырып, жаңылтпаштарды жатқа айтты. Ал «Тіл – өнер жұмбақ»  атты үшінші кезеңде қатысушылар жұмбақ жауаптарын үш тілде  айтып өтті.

Төртінші кезең ұлттық спорт ойындарымен жалғасын тапты. Оқушылар жеребе арқылы қарсыластарын таңдап, өзара қол күресті. Соңғы кезеңде қатысушылар асық атып, бақтарын сынады. 

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты байқаудың нәтижесі бойынша жүлделі бірінші орынды №198 орта мектебінің оқушысы Руслан Тараканов, екінші орынды №198 орта мектебінің оқушысы Диас Асланов, үшінші орынды №23 мектеп-лицейінің оқушысы Анатолий Давыдов және №9 орта мектептің оқушысы Тимур Пак иеленді.

Байқау жеңімпаздары Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы атынан диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Барлық белсенді қатысушыларға арнайы Алғыс хаттар табысталды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: