Сәрсенбі, 24 сәуiр, 17:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Сыр оғланы – Қазақстан барысы

05.07.2022

947 0

Арыстан жүректі, барыс білекті, бөрі текті, жылқы мінезді деген теңеулерді қазақ Мақсат Исағабылов сынды жігіттерге арнап айтқан шығар. Сырдың Мақсаттай оғланы жексенбіде өткен жарыста кілең сен тұр, мен атайын дейтін әр аймақтың бас балуандары қатысқан барыстар додасында қарсыласының барлығын жеңді. Осылайша Исағабылов «Қазақстан барысы – 2022» турнирінің бас жүлдесін жеңіп алды.

Жеңімпазға ұйымдастырушылар 25 млн теңге, жеңімпаз белбеу және ауыспалы алтын тайтұяқ тағайындады.

Мақсат Исағабылов 1994 жылдың 17 қарашасында дүниеге келген. 2001-2011 жылдары №27 С. Есқараев атындағы дарынды балалар мектебінде тәлім алды. 2012- 2016 және 2016-2018 жылдары Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Алғашқы әскери дайындық» және «Заңгер» мамандықтары бойынша білім алды. Қазақ күресінен ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері болса, самбо мен дзюдодан ҚР спорт шебері атанған. Ол 2019 жылы қазақ күресінен «Әлем барысы» турнирінің күміс жүлдегері болса, өткен жылы «Үздіктердің үздігі» респубуликалық турнирінің жеңімпазы болды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: