Сәрсенбі, 24 сәуiр, 12:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Теміржан Дәулет жүлдесін Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендерге арнады

29.08.2021

1188 0

Токиодағы Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Теміржан Дәулет Жамбыл облысындағы жарылыс салдарынан қайтыс болғандардың үй ішіне көңіл айтты.

Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында дзюдо күресінен күміс медаль алған Теміржан Дәулет жүлдесін ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендерге арнайтынын айтты.

«Осы жүлдемді Қазақстанның тәуелсіздігіне арнаймын. Жамбыл облысындағы оқыс оқиға салдарынан адамдар қайтыс болып, бірталай адам жарақат алды. Бірнеше отбасы тірегінен айырылды. Жүлдемді соларға арнаймын. Алла тағала оларға сабыр берсін», – деді спортшы.

Еске салсақ, Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында қазақстандық парадзюдошы Теміржан Дәулет күміс медаль иеленген болатын.

73 келі салмақ дәрежесі бойынша финалында өзбекстандық Феруз Саидов қазақстандық спортшыны иппон әдісімен жеңіп кетті. Теміржан Дәулет жартылай финалда грузин Георгий Калданиді иппон әдісімен жеңген еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: