Жұма, 11 қазан, 06:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80-2090
08.10.2024
PDF мұрағаты

Токиода ертең паралимпиада ойындары басталады: Бәсекені қайдан көруге болады

23.08.2021

1479 0

Жапония астанасы Токиода 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында XVI Паралимпиада ойындары өтеді. Байрақты бәсекені Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Паралимпиадаға Қазақстан атынан 7 спорт түрі бойынша 26 спортшы қатысады. Оның ішінде 7 спортшы суда жүзу, 6 спортшы дзюдо, 5 спортшы пауэрлифтинг, 3 спортшы таеквондо, 2 спортшы жеңіл атлетика бойынша бақ сынайды. Сондай-ақ қазақстандық спортшылар алғаш рет каноэде ескек есу мен оқ атудан жолдама алды.

Жүзу :

  • Нұрдәулет Жұмағали;
  • Нұрәлі Советқанов;
  • Сиязбек Дәлиев;
  • Ержан Сәлімгереев;
  • Зульфия Габидулина;
  • Роман Агалаков;
  • Әлия Разымбекова.

Жеңіл атлетика:

  • Дастан Мұқашбеков;
  • Салтанат Әбілқасымқызы.

Дзюдо:

  • Жанбота Аманжол;
  • Зарина Байбатина;
  • Теміржан Дәулет;
  • Даяна Федосова;
  • Әнуар Сәриев;
  • Ғалымжан Смағұлұлы.

Каноэ:

  • Бейбарыс Сыпатай.

Таеквондо:

  • Нұрлан Домбаев;
  • Нышан Өмірәлі;
  • Камила Досмалова.

Пауэрлифтинг:

  • Давид Дегтярев;
  • Раушан Қойшыбаева;
  • Рахмеджан Хамаев;
  • Гүлбану Әбдіқалықова;
  • Алина Солодухина.

Пара оқ ату:

  • Айсұлу Жұмабаева.

Ашылу салтанаты Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 24 тамыз 17:00-де тікелей эфирде көрсетіледі.

Qazsport телеарнасы қазақстандық паралимпиадашылар қатысатын жарыс түрлерін тікелей эфирде таратады. Жарыстар телеарнаның ресми сайты арқылы да көрсетіледі.

Айта кетсек, Токиодағы Паралимпиадада 136 мемлекеттен 4 400-ге жуық спортшы 22 спорт түрінен сынға түседі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: