Бейсенбі, 02 мамыр, 15:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді

20.09.2023

2800 0

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ашық футбол алаңының ашылу салтанаты өтті.

Жиында университеттің Басқарма төрағасы – Ректоры Бейбіткүл Кәрімова жаңа алаң стандартқа сай салынғанын, білім ордасында жастарға қашанда қолдау көрсетілетінін атап өтті.

Білімді, мақсаты айқын, салауатты өмір салтын ұстанатын жастар – біздің жарқын болашағымыз. Олардың спортпен кәсіби түрде айналысып, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуы үшін қашанда қолдау көрсетеміз.

Сондай-ақ, университеттің материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстарын да жүйелі жүргізіп келеміз. Қазіргі уақытта университетте «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешені, 7 спорт зал, 5 жазғы спорт алаңы, 1 спорт мұражайы бар.

 Біз еліміздің абыройын асқақтатып жүрген спортшы жастарымызды мақтан тұтамыз. Биыл «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының құрылғанына 35 жыл толып отыр. Әлі де білім ордасы саңлақ спортшы, сайыпқыран шәкірттерді даярлайды деген сенімдеміз, – деді Бейбіткүл Сәрсемханқызы.

Қазіргі уақытта оқу орнында спорттың әр түрінен 13спорттық секция жұмыс істейді.

Университетте Әлем чемпионатының – 9, Азия чемпионатының – 23, Қазақстан чемпионатының – 125 жеңімпазы мен жүлдегері бар.

Салтанатты жиында «Қайсар» футбол клубының директоры, ҚР құрметті спорт қайраткері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Садық Мұстафа спорттық инфорақұрылымның жақсаруы студенттердің кәсіби шеберлігінің артуына ықпал ететінін жеткізді.

  •  Футбол алаңының ашылуы денешынықтыру және спорт мамандығында білім алатын студенттер үшін үлкен сый болды. Оқу ғимаратының алдында орналасқан бұл алаңда алдағы жарыстарға дайындалатын боламыз, – деді студент Нұрзат Аманбай.

Шарада сала мамандары «Қорқыт Ата атындағы Алтын медалімен», «Үздік түлек» медалімен марапатталды. Айта кету керек, республикалық Студенттер лигасына университет студенттерінен құралған командалар спорттың 7 түрінен (баскетбол,

волейбол, футзал, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, шахмат) қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр.

Ал, ҚР ХІІ жазғы Универсиадасында университет спортшылары, спорттың 16 түрінен 37 медаль иеленіп, республикада үздіктер қатарынан көрінді.

Білім ордасында дене шынықтыру және спорт саласы бойынша «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық», «Дене тәрбиесі» кафедралары жұмыс істейді.

      Қорқыт ата атындағы Қызылорда

университетінің медиа орталығы 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: