Жексенбі, 08 желтоқсан, 01:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Қазіргі газетте «штаттан тыс қызметкер» деген ұғым жоқ

14.02.2022

1753 0

Журналист Айжан Жұмабекқызымен қазіргі қазақ журналистикасы жайында жан-жақты сұхбаттасқан болатынбыз.

– Айжан Жұмабекқызы, қазақ журналистикасы ұлттық мүддені бәрінен жоғары қояды. Сіздің ойыңызша қазақ тілді журналистика тағы қандай тақырыптарға баса назар аударғаны дұрыс?

– Экономикалық сараптамаларға баса назар аудару керек. Менің ойымша оның маңызы ерекше.

– Журналистердің өткірлігі мен орамдығы газет қызметінде үлкен рөл атқарады. Осы тұрғыдан қарағанда, кешегі мен бүгінгінің арасында қандай айырмашылық бар?

– Кешегі кеңес журналистикасында пафос, публицистикалық сарын басым еді. Қазір ақпараттық журналистика алдыңғы орынға шықты.

– Журналистика мамандығының артықшылығы мен кемшіліктері қандай?

– Журналистика, әрине егер біз артықшылық деп қарайтын болсақ, адамдармен қарым-қатынас, коммуникация, құзыреттілік шегінде кез келген мекемеден кедергісіз ақпарат алу мүмкіндігін береді. Бірақ бұл сауда алаңы емес, сондықтан жеке бастың пайдасы туралы айту тұрмақ, ойлау да мүмкін емес. Бәлкім кемшілігі де сол шығар. Егер әрине кемшілік деп қарастырылатын болса. 

– Газетте штаттан тыс жұмысты қалай жүргізуге болады?

– Қазіргі газетте штаттан тыс қызметкер деген ұғым жоқ.

– Журналистік қызметтің құқықтық негіздері деп нені атаймыз?

– Демократия – сөз бостандығына кепілдік және журналистердің еркін пікірде жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Бірақ бұл еркіндіктің жөні осы екен адам құқығына қол сұғу емес, керісінше құқығы бұзылған азаматтарға заң аясында көмек көрсетуді алдыңғы орынға қояды.

ҚР «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» заңның «Сөз, ақпаратты алу және тарату бостандығы» деп аталатын 2-бабында: «Сөз, шығармашылық бостандығына, өз көзқарастары мен сенімдерін баспа арқылы және өзге де нысанда білдіруге, ақпараттарды заңда тыйым салынбаған кез келген әдіспен алуға және таратуға ҚР Конституциясында кепілдік беріледі. Цензураға тыйым салынады» деген жолдар бар. Демек Конституция бойынша адам құқығы, оның ар-намысы, қадір-қасиеті, іскерлік беделі қорғалатынын, кемсітуге жол берілмейтінін ұмытпауымыз керек. Журналистік қызметтің құқықтық негіздері де осыдан басталады.

– Жас журналисттерге айтар пікіріңіз?

– Ағылшын тілін үйрену керек.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Нұршат СЕРІКҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: